AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Орман шаруашылығы директоры 3 жылға сотталды

Орман шаруашылығы директоры 3 жылға сотталды

Әлеумет 30.01.2022, 11:03 1,564 Almaty-akshamy
Орман шаруашылығы директоры 3 жылға сотталды
Cурет: Inform.kz

Табиғатқа 65,7 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген


Шығыс Қазақстан облысында табиғатқа 65,7 млн теңге залал келтірген орманшылар мен кәсіпкерлер сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өскемен қаласының № 2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен орман шаруашылығы» кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қаралған. Сондай-ақ олардың бірі бопсалау арқылы бірнеше рет пара алғаны үшін айыпты болды.


Бұдан бөлек, А. және Ш. есімді кәсіпкерлерге қатысты ағаштарды заңсыз кесіп, ірі көлемде зиян келтіру фактісі бойынша сот ісі қаралды. Белгілі болғандай, олардың заңсыз әрекеттерінің кесірінен табиғатқа 65,7 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген. Сот барысында айыпталушылар өз кінәларын толықтай мойындады.



«Өскемен орман шаруашылығының» директоры аудандық орман шаруашылығы мекемелері басшыларымен сөз байласып, 2020 жылдың мамыр айынан 2021 жылдың ақпанына дейінгі аралықта Ш. мен А.-ға заңсыз ағаш кесуге мүмкіндік берген. Сот орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлеріне түрлі жаза тағайындады. Соның ішінде «Өскемен орман шаруашылығының» басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. «Сот үкімі бойынша орманшылар 1 жыл 6 айдан – 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал кәсіпкерлер Ш. және А. 3 жыл мерзімге ағаш кесу саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген ақпаратта.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #орман #ШҚО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);