ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Организмді вирустан қорғауды күшейтудің жолы табыл...

Организмді вирустан қорғауды күшейтудің жолы табылды

Әлем 30.03.2025, 13:18 540
Организмді вирустан қорғауды күшейтудің жолы табылды
Cурет: Islam.kz
Швейцария ғалымдары қауіпті вирустарға, оның ішінде тұмау мен COVID-19 жұқпалы індетеріне организмі төтеп бере алмайтын адамдардың иммундық жүйесін қорғауды қалпына келтірудің тың тәсілін ұсынды.

Швейцария ғалымдары қауіпті вирустарға, оның ішінде тұмау мен COVID-19 жұқпалы індетеріне организмі төтеп бере алмайтын адамдардың иммундық жүйесін қорғауды қалпына келтірудің тың тәсілін ұсынды.

 Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Experimental Medicine Цюрих мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аталмыш университетінің ұжымы жүргізген  зерттеу нәтижесі организмнің инфекциямен күресуіне кедергі келтіретін аутоантиденелерді қалай бейтараптандыруға немесе залалсыздандыруға болатынын көрсетеді. Егде жастағы адамдардың 2-4%-ға жуығында өз қанында өз интерферондарын, иммундық қорғанысты іске қосатын ақуыздарды бөгейтін аутоантиденелер болады. Осының кесірінен, тіпті, суықтан туындайтын вирустық инфекциялардың өзі оларға ауыр тиеді.

Цюрих университетінің командасы осы қауіпті антиденелердің «назарын» басқа жаққа бұратын, яғни, антиденелердің нағыз интерферондарға араласуына кедергі келтіре алатын тұзақ молекулаларын жасады.  Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары Цюрих университеттік ауруханасына жатқызылған, КОВИД-19 жұқтырып, халі ауыр науқастардың биоматериалында жүргізілді. Алдымен ғалымдар интерферондардың қай аймақтарын аутоантиденелер «мойындайтынын» анықтап, кейін патологиялық реакцияны қауіпсіз жолмен бұғаттауға қабілетті осы «қолтаңба» бойынша синтетикалық молекулалар жасады.

Зертхана қабырғасында жасушаларға қатысты жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, жаңа технология интерферондарға өздерінің қорғаныш функциясын қайтаруға мүмкіндік береді – иммундық жасушалар қайтадан вируспен тиімді күресе бастайды. Бұдан басқа, зерттеушілер қолдан жасалған молекулалар иммундық қорғаныстың қалған бөлігіне әсер етпей, қаннан зиянды аутоантиденелерді іріктеп алып тастай алатынын дәлелдеді. Ғалымдар бұл жаңалықты миллиондаған адамды вирустық инфекциялардың ауыр асқынуынан қорғайтын дербестендірілген терапияны дамыту жолындағы алғашқы, қадам деп атайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.