AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Ораза кезінде қандай спорт түрі оңтайлы?

Ораза кезінде қандай спорт түрі оңтайлы?

Керек кеңес 15.03.2024, 10:11 1,275
Ораза кезінде қандай спорт түрі оңтайлы?
Сурет: Chernovik.net

Алматы қалалық №36 емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Мөлдір Әлімбаева Рамазан айында ауыз бекіткен адамдардың спортпен қалай дұрыс айналысу керек екенін айтып берді.



Ораза кезінде бірқалыпты физикалық белсенділік денсаулыққа оң әсер етеді. Дегенмен, әр адам әр түрлі екенін есте ұстаған жөн, сол себепті ораза кезінде жаттығуды бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп алған артық етпейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«Ораза кезінде мен бірқалыпты спорт түрін таңдауды ұсынамын. Жоғары қарқынды жаттығулардан аулақ болған дұрыс. Оның орнына йога, пилатес, жүру немесе таза ауадағы жаттығуларға артықшылық беру керек. Өз тәніңізге көңіл бөліп, өзіңізді шамадан тыс қинамауыңыз керек. Жаттығулар арасында демалыс жасап отыру керек. Қатты терлемеген дұрыс. Ауыз ашқан соң, жеткілікті мөлшерде су ішу маңызды. Қандай да бір ыңғайсыздық немесе әлсіздік сезінсеңіз, жаттығуды дереу тоқтатыңыз», - дейді дәрігер.




Егер ауыз бекіткен адам кәсіпқой спортшы болса, онда жаттығудан соң бірден су ішу үшін ауыз бекітер алдында және ауызашар алдында жаттығу жасағаны дұрыс.




«Рамазан айы аяқтағалған соң, ағзаны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін дұрыс тамақтану керек. Бұл ретте таңғы ас пен кешкі аста ас қорытуға оңай және құрамында көп мөлшерде көкөніс, ақуызы бар тағамдар (ет, жұмыртқа, бұршақ дақылдары) және пайдалы майлар (майлар, жаңғақтар, дәндер) болуы керек. Бұл уақытта майлы, ащы және тәтті тағамдарды шектеп, артық тамақтанбаған дұрыс. Адам жаны мен тәнінің саулығын ойлау ислам дінінің негізгі қағидасы екенін есте ұстаған жөн. Мамандардың ұсынысын орындап, қолайлы спорт түрін таңдау арқылы сіз ораза кезінде дене шынықтырумен айналысып, денеңіз бен рухани әл-ауқатыңызды нығайта аласыз», - деп атап өтті Мөлдір Әлімбаева.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ораза #спорт #дәрігер кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);