ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Ораза 10 жыл бойы қыс мезгіліне түседі

Ораза 10 жыл бойы қыс мезгіліне түседі

Өмір-өзен 09.03.2025, 17:17 646
Ораза 10 жыл бойы қыс мезгіліне түседі
Сурет: 24.kz
Күллі мұсылман қауымы алдағы 10 жылда Оразаны қыста ұстайды.

Күллі мұсылман қауымы алдағы 10 жылда Оразаны қыста ұстайды.

 Шамамен тек 20 жылдан кейін ғана жазда ауыз бекітуге болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мұның мәнісі неде? Жарты тәуліктен асатын жаздағы ауыз бекіту мен қыстың қысқа күніндегі құлшылықтың сауабы бірдей ме? Рамазан айы һижра күнтізбесімен есептелгендіктен, жыл санап 10-11 күнге ерте келеді. Биыл қасиетті ай көктемнің басында басталса, алдағы 10 жыл бойы Ораза қыс айларына түсіп тұр. Ал бұл мезгілде күннің қысқарып, түннің ұзаратыны белгілі. Сондықтан ауыз бекіткен жамағат үшін ас-ауқатты ішу арасы ұзаққа созылмайды.

Елде 20 млн-нан аса адам болса, соның 70%-і өзін мұсылман санайды. Жаратушысынан мол сауап күткендер, рамазан айы келгенде ораза ұстайды. Жаздыгүні 18 сағатқа дейін ауыз бекіткен олар, қазір одан 6-7 сағат кем құлшылық қылып жүр. «Мұның өзі едәуір жеңілдік», - дейді тұрғындар.  Биыл әлемде ең ұзақ Ораза Исландия, Новегия, Финляндия сияқты солтүстік елдерде 20-22 сағатқа созылуы мүмкін. Ал Аргентина мен Чили, Аустралияның оңтүстік аймағында керісінше 11 сағат қана болмақ. Ел арасында «ұзақ ұсталған Оразаның сауабы да мол болады», - деген пікір бар. Мұны Қазақстан мұсылмандар діни басқармасындағылар жоққа шығармайды. Десе де «Қай жер, қай мезгіл болсын, дұрыс ниетпен жасалған құлшылықтың сауыбы да аз болмайды», - дейді дін өкілдері. 

Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ баспасөз хатшысы: 

- Қыста Ораза ұстайсыз ба? Әлде шіліңгір шілдеде ұстайсыз ба? Ол жерде оразаны ихсан дәрежесінде, яғни кемел түрде ұстауға өте маңыз беру керек. Өйткені, бұл жерде Алла тағала біздің өзгергенімізді қалайды. Бұл жерде Оразаның ең кемел түрі ол жүрекпен ораза ұстау. Яғни, бүкіл болмысымызбен тұла бойымыздан жамандықты кетіру. Бұл жерде ең басты нәрсе өзгеру керек. 

«Рамазан бұл – жақсылық жасап жарысатын ай. Ал Ораза – адамның өзін-өзі тәрбиелеп, сабыр мен төзімділікке үйреніп, жаратушысына жақындататын құлшылық. Жалпы бұл айда мұсылмандар рухани тазаруы тиіс. Сондықтан алдымен оразаның мәнін түсініп барып құлшылық қылу абзал», - дейді дін мамандары. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.