ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Орағаның озаттары анықталды

Орағаның озаттары анықталды

Мәдениет 30.11.2023, 13:42 1,214
Орағаның озаттары анықталды
Сурет: Almaty.tv
Алматыда жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойын атап өту жалғасып жатыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында көрнекті тұлғаның құрметіне «Оралхан Бөкей...

Алматыда жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойын атап өту жалғасып жатыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында көрнекті тұлғаның құрметіне «Оралхан Бөкей – көрнекті редактор, көркемсөз шебері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Жиынға қара шаңырақтың ұстаздары мен ақындар, қоғам қайраткерлері мен білімгерлер қатысып, жас буынға жақын болған жазушының жарқын ғұмырын еске алды.




– Орекеңнің шығармашылығы қай заманда да оқырманын да, ізденушілерді де өзіне қарата білген әдебиеттегі үлкен құбылыс болды. Сол құбылыс әлі де бәсеңсіген жоқ. Оралханның өмірден өткеніне міне, биыл 30 жылдан асып барады. Бірақ, Оралханның шығармашылығының жас екенін бүгінгі жастар айқындап жатыр, – деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрдәулет Ақыш



Айта кетейік, ұлттық әдебиетті дамытуға елеулі үлес қосқан жазушының есімін дәріптеу мақсатында студенттер арасында арнайы байқау жарияланған еді. Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы мен демеушілер ұйымдастырған сайыстың қорытындысы осы жиында жарияланды. «Ең үздік ғылыми жұмыс», «Ең үздік баспасөз материалы» және «Дизайн өнерінің үздік туындысы» номинациялары бойынша жеңімпазға Оралхан Бөкей атындағы шәкіртақы берілді.



Байқаудың негізгі мақсаты – журналистикада жеке қолтаңбасын қалдырып, оны жазушылығымен ұштастыра білген өр тұлғаның шығармашылығын жастарға кеңінен насихаттау.



– Публицистикасы, журналистикасының өзі басқалардан ерекшеленіп тұратын. Сол әдемі журналистикасын әдемі жазушылыққа айналдыра білді. Оралханның кез келген шығармасы, «Сайтан көпірі», «Атау кересі», очерктері ең алдымен бірінші планға адамды шығарып сөйлететін. Барлығында Оралхан ең алдымен елдің, халықтың жағдайы, болашағы туралы сөз қозғайтын, –деді жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кәдірбек Сегізбайұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.