ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқытудың үш нұсқасы: Алматыда жаңа оқу жылының бас...

Оқытудың үш нұсқасы: Алматыда жаңа оқу жылының басталуы туралы айтылды

Білім және ғылым 28.08.2021, 12:04 2,094
Оқытудың үш нұсқасы: Алматыда жаңа оқу жылының басталуы туралы айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматыда жаңа оқу жылында 287 мектеп 300 мыңға жуық оқушыны қабылдайды.

Алматыда жаңа оқу жылында 287 мектеп 300 мыңға жуық оқушыны қабылдайды.


Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде мегаполис мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы мен оқушылардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Л.Жылқыбаеваның айтуынша, Алматыда жаңа оқу жылы қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қалыпты форматта басталады деп жоспарлануда. Бұл ретте 287 мектеп 300 мыңға жуық оқушы қабылдайды, оның 30 мыңы - бірінші сынып оқушылары. 68 мыңнан астам студент 82 колледжде оқуды бастайды.


Айта кетсек, мектепке дейінгі ұйымдар қалыпты жұмысына оралды, қазіргі уақытта 860 балабақша мен шағын орталықтарда 69 мыңнан астам бала бар.


Сонымен қатар Л.Жылқыбаева барлық білім беру ұйымдары Ashyq жобасына қосылғанын және 100% қажетті мөлшерде жуғыш, дезинфекциялаушы және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілгенін айтты.



«1 қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінде санитарлық талаптардың сақталуына тұрақты  бақылау жүргізіледі, оның ішінде температураны өлшеу, визуалды тексеру, желдету режимдері, кварц, ылғалды тазалау және басқа да шаралар. Рұқсат етілмеген адамдардың кіруіне тыйым күшіне енеді және бұқаралық іс-шаралар болмайды», - деді басқарма басшысы.



 Л. Жылқыбаева қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны туралы айтты.



 «Алматы «қою қызыл» аймақта болуды жалғастыруда. Осыған байланысты, білім беруді ұйымдастыруда оқушылардың өздігінен келуін болдырмау және балалар арасында инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында оқу процесі бір мезгілде үш бағытта жүретін болады.  Біріншіден, оқушыларға ата-аналарының өтініштері негізінде онлайн оқыту ұйымдастырылады.  Осылайша, ата-аналарға баласын мектепке беруді немесе оқуды қашықтан жалғастыруды таңдау құқығы беріледі», - деді Л. Жылқыбаева.



Үшіншіден, офлайн оқыту негізінен 1-5 сыныптарды, бітіруші 9-11 сынып оқушыларын қамтиды  және сыныптарда оқушы саны 25 адамнан аспайды. Осылайша білім басқармасы дәстүрлі білім беру форматына кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.


Л.Жылқыбаева бүгінде мұғалімдер мен ата-аналар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.


Барлық сұрақтар бойынша оқушылардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне немесе тікелей білім басқармасына хабарласа алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.