ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқушыларымыз халықаралық пәндік олимпиадада 23 мед...

Оқушыларымыз халықаралық пәндік олимпиадада 23 медаль жеңіп алды

Білім және ғылым 01.08.2022, 03:52 1,556
Оқушыларымыз халықаралық пәндік олимпиадада 23 медаль жеңіп алды
Сурет: министрлік
Олар 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы мен отандық ЖОО-да оқуға гранттар алады

Олар 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы мен отандық ЖОО-да оқуға гранттар алады


Ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда қазақстандық оқушылар 3 алтын, 13 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Яғни аралық қорытынды бойынша ұлттық құрама қоржынында 6 пән бойынша 23 медаль бар. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Математикадан халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған. Команд 174 ұпай жинап, еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы жаңа рекордын орнатты. Бұл соңғы 12 жылдағы үздік нәтиже болды.


Физикадан халықаралық олимпиадада оқушылар 1 алтын, 4 күміс медальға ие болды. Бұл соңғы 8 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Ал географиядан өткен халықаралық олимпиадада екінші жыл қатарынан алтын медаль жеңіп алды. Биыл да 1 қола медальға ие болды.


Биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысушылар 3 күміс және 1 қола жеңіп алып, былтырғы нәтижелерін жақсартты.Зияткерлік сайысқа қатысқан жас химиктер 1 алтын және 3 күміс жеңіп алды.


Сонымен қатар қазақстандық оқушылар лингвистикадан халықаралық олимпиадада алғаш рет 2 қола медаль жеңіп алды.


«Алдағы уақытта информатикадан халықаралық олимпиада өтеді. Мен оқушыларымыздың халықаралық олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенімім мол. Олимпиадаға қатысушылар мен жүлдегерлерге қажырлы еңбектері, күш-жігерлері мен табандылықтары үшін алғыс айтамын. Күнделікті жұмысы және жоғары кәсібилігі үшін әріптестеріме де рахмет айтқым келеді. Биыл Президенттің қолдауының арқасында алғаш рет оқушыларымыз 4,5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақыға және ҰБТ-дан өтпей-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін грантқа ие болады. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да біржолғы сыйақы алады», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.