AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқушылардың психологиясы қай деңгейде?

Оқушылардың психологиясы қай деңгейде?

Білім және ғылым 07.08.2022, 11:30 1,433
Оқушылардың психологиясы қай деңгейде?
Сурет: Оrtcom.kz

Бұл бағытта бірқатар шаруалар қолға алынған


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мектеп оқушылары арасында өткен дәрігерлік тексерулердің негізгі көрсеткіштерін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«2021 жылы тереңдетілген түрде дәрігерлік тексерумен мектептердегі 2 911 777 бала қамтылуы тиіс еді. Оның ішінде 2 480 540-ы тексеруден өтті. Былтыр Ақмола және Маңғыстау облыстарында оқушыларды медициналық тексеру үлесі төмен деңгейде болды», - деп жазды Е. Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып.



Бұл тексерулерге жасалған талдауға қарағанда, бірінші орында көру органдарының патологиясы тұр. Бұл тұрғы 2021 жылы 60 490 оқушы, ал 2020 жылы 22 795 бала тіркелді. Оның сөзіне қарағанда, оқушылардың көз көруінің нашарлауының негізгі себептері ретінде оларды ақпараттық технологияларға, білім беруді компьютерлендіру үрдісіне қатыстыру болып тұр. Яғни гаджеттер мен ұялы телефондарды пайдалану белсендігінің артуы, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жүктеменің шектен тыс болуы, көру қабілетін сақтау режимін елемеу сияқты мәселелер бар.


Екінші орында жүйке-психикалық ауруы тұр. Бұл ауру түрі 2020 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артқан (2021 жылы – 15 946, 2020 жылы – 5 872). Бұған психоэмоционалды жағдайдың көтерулі, әлеуметтік желі арқылы ақпараттық жүктеменің артуы, гаджеттерге психологиялық тәуелділік, тәулік ішінде дұрыс режимді сақтамау себеп болып отыр.


Үшінші орында оқушылардың арқа омыртқасының қисаюы мәселесі бар. 2021 жылы 6 112 балада сколиоз анықталды (2020 жылы - 2517). Осы орайда оқушылардың аз қозғалуы, мектеп жиһазының балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сәйкес келмеуі, орындыққа отыру кезінде талап етілетін тиісті ережелерді елемеу және басқа да кемшіліктер әсер етіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #психология #жүйке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);