ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқушылар электр энергиясын өндіретін робот құрасты...

Оқушылар электр энергиясын өндіретін робот құрастырды

Білім және ғылым 27.01.2023, 14:30 1,538
Оқушылар электр энергиясын өндіретін робот құрастырды
Сурет: Ашық дереккөз
Қондырғы энергия тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі

Қондырғы энергия тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі


Петропавлдық мектеп оқушылары электр және жылу энергиясын өндіретін робот құрастырды. Жас өнертапқыштардың айтуынша, қондырғы энергия тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  


Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары робототехника бойынша NURORDA first Championship жарысына қатысты. Оқушылар аймақтық командалар арасында "Engineering skills" номинациясы бойынша марапатқа ие болды. 



«Біз өз жобамызды "Облысымыздағы электр энергиясының тапшылығын шешу» деп атадық. Бұл тақырып қазір, әсіресе, жергілікті ЖЭО-дағы проблемаларға байланысты өзекті. Біз өз жобамызға сай робот жасадық. Біздің станция құмды батареялардың арқасында жел энергиясын жылу энергиясына айналдырады. Осылайша, тұрғындар жылумен қамтамасыз етіледі», - дейді «ArtaRobotics» командасының жетекшісі Таймас Едрисов.  



First LEGO League Challenge елордалық NURORDA мектебі ұйымдастырған. Робототехника бойынша халықаралық чемпионат оқушылардың зияткерлік-шығармашылық және инженерлік-техникалық әлеуетін ашады, цифрлық технологияларды қолдану арқылы қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуде креативті ойлауды қалыптастырады. ҚР аумағында FIRST бағдарламасы 2017 жылы бастау алған болатын.   



«Онда 10-16 жас аралығындағы студенттер зерттеу, проблемаларды шешу, кодтау және дизайнмен айналысады. Осылайша, олар Робот ойынында белгілі бір миссияны орындайтын робот жасап, оның бағдарламаламасын әзірлейді, сондай-ақ нақты мәселені анықтау және шешу үшін инновациялық жобаға қатысады. Challenge бағдарламасының мақсаты — оқушыларға инклюзивті, әділ және қауіпсіз қоғамды дамыту үшін неғұрлым тұрақты технологияларды құруда практикалық білім мен тәжірибені қолдануға үйрету. Роботтарды жобалау және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды біріктіретін чемпионатта біздің оқушыларымызға Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының мықты командалары мен елордалық конструкторлар бәсекелес болды. Петропавлдық Назарбаев Зияткерлік мектебінің робот құрастырушылары бұл сайыста «Engineering skills» номинациясына ие болды», - дейді зияткерлік мектептің баспасөз хатшысы Гүлмира Шоқтыбаева.  



Оқушылар марапаттан басқа, құнды тәжірибе мен жарқын әсер алып, жаңа достар мен пікірлес жандар тапқанын атап өтті.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.