AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оқушылар дрондар әлемін игеруде

Оқушылар дрондар әлемін игеруде

Әлеумет 22.04.2024, 07:18 1,199
Оқушылар дрондар әлемін игеруде
Сурет: Gov.kz

Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы бөлімшесінде әскерге шақыруға дейінгі жастарға арналған жасөспірімдерге ұшқышсыз технологиялар мен робототехника әлемін игеруге мүмкіндік беретін бірегей оқу курсы ашылды.


Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушы жастарды дрондарды басқару өнерін зерттеуге және робототехника сабақтарына тарту. Оқу барысында оқушылар мен студенттер техникалық дағдыларды игеріп қана қоймай, сонымен қатар инженер-конструктор, инженер-технолог, жобалаушы, бағдарламашы және әскери саладағы ҰҰА операторы мамандықтары туралы түсінік алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Бүгінгі таңда бағдарлама аясында тоғыз FPV-дрон операторы дайындалды. Олар acro режимінде квадрокоптерді сенімді басқарып, нысандарға өз бетінше барлау жасай біледі. Сонымен бірге «сегіздік», «жылан», «бөшке» және басқа фигураларды орындай алады.


Оқушылар аэродинамика, ұшқышсыз ұшу аппараты теориясы және картографияны игерген. Сонымен қатар, олар спорттық зымыран корпустарын жасау бойынша оқудан өтті және зымырандық модельдік спорт жарыстарына қатысуға дайын.



«Қазіргі уақытта S4, S8 және S6 зымыран сыныптарында зымырандық модельдік спорт жарыстарына қатысу үшін үш адамнан тұратын екі команда дайындалды. Олардың барлығы қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе, теориялық және ұшу алдындағы нұсқаулықтан өтті. Осы жазда Өзбекстан мен Қырғызстанда өтетін жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті зымыран спорты мен дрондарды дамыту жобасының жетекшісі FPVschool.kz Владислав Барышев. 



Бұл білім беру бағдарламасы оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, оларды авиация, зымыран және робототехника саласында одан әрі оқыту мен кәсіби дамуға жетелері сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушылар #дрондар #курс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);