AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқушылар билейтін робот құрастырды

Оқушылар билейтін робот құрастырды

Білім және ғылым 03.04.2023, 09:10 1,457 Almaty-akshamy
Оқушылар билейтін робот құрастырды
Сурет: Ашық дереккөз

Робот «Қара жорға» биін билейді


Атырау оқушылары билейтін робот құрастырып шығарды. Робот күрделі қимыл-қозғалыстарды жасай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Атыраудағы Абай орталығында 7-11 сынып оқушылары үшін тегін STEAM курсы бар. Мұнда мектеп оқушылары түрлі роботтар құрастырып, ғылыми жобалармен айналысады. Мәселен, JasSpace кеңістігінде қосымша білім алып жүрген Құрмет Әйіпқалиев пен Дәмелі Кішібай билейтін робот құрастырған. Құрмет мұнайлы шаһардағы №28 мектептің 7-сыныбында, ал Дәмелі APEC колледжінің 1-курсында оқиды.



«Біз билейтін роботты құрастыруға екі ай уақытымызды жұмсадық. Роботтың бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, робот «Қара жорға» биін билейді. Екіншіден, айналадағы адамдармен байланыс жасайтын мүмкіндігі бар. Үшіншіден, күрделі қимыл-қозғалысты жасай алады. Төртіншіден, этностильдегі робот ультрадыбыстық датчик арқылы қосылады», - деп түсіндірді Дәмелі Кішібай.



Оқушыларды өнертапқыштыққа Дияр Әбуханов баулып жүр. Оның айтуынша, оқушылардың робот құрастыруға қызығушылығы зор. Бұған теориядан гөрі практикалық жұмысқа басымдық беру септігін тигізген.



«Шетелде жаңа технологияға, әсіресе, түрлі роботтар құрастыруға баса ден қойылып отыр. Робот адам еңбегін алмастырып жатыр. Болашақта Қазақстанның жас өнертапқыштары бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар ойлап табатынына сенемін. Ал, біз бастапқыда роботты картоннан дайындап, тексеріп көрдік. Кейін макетті пеноплекстен жасап шығардық. Басқару бағдарламасын әзірлеп, оны ардуино платасына құйдық. Сөйтіп, тетікті басқанда, робот билейтіндей мүмкіндік жасадық. Мұнан соң роботты одан әрі жетілдіруді ойластырдық. Қазір робот ролик арқылы қозғалады. Енді оны аяғымен жүріп, адамның қимыл-әрекетін көбірек жасайтындай еткіміз келеді», - деп алдағы жоспарымен бөлісті Құрмет Әйіпқалиев.



Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушы қыз асау үйретіп, ат үстінен садақ ататынын хабарлаған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#робот #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);