AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқушы бір мезетте 200 балапан бастыратын инкубатор...

Оқушы бір мезетте 200 балапан бастыратын инкубатор жасады

Білім және ғылым 08.07.2023, 04:19 1,565
Оқушы бір мезетте 200 балапан бастыратын инкубатор жасады
Сурет: Inbusiness.kz

Қондырғы толықтай автоматтандырылған.


Ақтөбелік оқушы инкубатор құрастырып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Дінмұхамед Жеткергеннің инновациялық идеясы ауыл шаруашылығы саласына, соның ішінде құс өсіретіндер үшін таптырмас олжа болмақ.


Өйткені, оқушы ойынан құрастырылған инкубаторда бір мезетте жұмыртқадан 200 балапанды бастырып шығаруға болады. 11-сынып оқушы Дінмұхамед Жеткерген бала кезінен робототехникаға әуес. Үйірмеге барып жүріп сандық технология, физикаға ден қоя бастаған. Арманы ауыл шаруашылығына пайда әкелетін заманауи қондырғы құрастыру болыпты.



"Ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып, бір жаңалық жасағым келді. Үш жыл қатарынан балапанды тез өсіріп шығаратын инкубаторды құрастырып жүрдім. Әр нұсқасын жетілдірген сайын, қателіктерімді жөндеуге тырыстым. Жанаргүл Еркебаева деген ұстазым маған көп көмектесті. Инкубатордың жұмысына келсек, табиғи  аналықтың қасында, мысалы тауықтың қасында  балапаны 5 есе шығарып бере алады. 200 бөдене жұмыртқасын, 85 тауық жұмыртқасын,  60 үйрек, қаздың 45 жұмыртқасын басып шығаруға болады", - дейді Дінмұхамед Жеткерген.



Қондырғы толықтай автоматтандырылған. Жылыту жүйесі өздігінен айналып тұрады. Инкубатор әзірге тест режимде тұрғанымен, жұмысы нәтижесін берген. Қазірдің өзінде инкубатордың көмегімен шыққан балапандарды Димаштың өзі өсіріп, жұмыртқасын инкубаторға салып көбейтіп жатыр.


Өнертапқыш оқушының бастамасын Ақтөбедегі №18 мектептің басшылығы да қолдайды.



"Біз оқушымыздың идеясын жүзеге асыруына барынша жағдай жасаймыз. Қазір ғылыми жетекшісі екеуі алдағы уақытта жас бизнесмендер байқауларына қатыспақшы. Әрі жобаларына авторлық құқық куәлігін алуға құжаттарын әзірлеп жатыр", - деді мектеп директорының орынбасары Мәдина Абылшиева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балапан #инкубтор #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);