AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын тексеред...

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын тексереді

Әлеумет 24.04.2023, 11:25 1,827
Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын тексереді
Сурет: ашық дереккөз


Оқу-ағарту министрлігі «Жаратылыстану» оқулығында көрсетілген (6-сынып) сілтеме ересектерге арналған сайтқа бағыттайтынын айтты.








Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығы Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған 6-сыныптың «Жаратылыстану» оқулығы (ред.«Атамұра», 2018 жыл) туралы бейнежазбаға қатысты жауап берді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz. Elitar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.



«Бұл оқулық мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2017 жылы орыс тілінде оқытатын мектептерде қолдануға рұқсат етілген. Оқулықты пайдаланған 6 жыл ішінде мектептерден мұндай шағым түскен жоқ. §33 «Жасуша әлеміне экскурсия» тақырыбындағы оқушыға берілген тапсырмада жасуша органеллаларының қызметіне байланысты қосымша мәлімет алу үшін интернет-ресурстары жазылған. Ресурстардың бірі ретінде biofile.ru сайты көрсетілген. Сараптама кезінде бұл «Биофил» ғылыми-ақпараттық журналының сайты екені анықталды. Оқулықтардағы нақты веб-ресурстарды көрсету балалардың ақпаратты іздеу және талдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді деп есептелді. Орталықты тексеру барысында бұл сайттың қазіргі уақытта жұмыс істемейтіні анықталды. Дегенмен браузерлерден сайтты теріп, іздеген кезде күмәнді танысу сайттарына бағыттайды. Web.archive.org мұрағат қызметі арқылы жүргізілген талдау сайттың 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын көрсетті. Бірақ, соңғы жылдары белсенділігі күрт төмендеген», – делінген хабарламада.




Орталық алдағы уақытта баспалармен бірлесіп, оқулықтардағы веб-сайттарға сілтемелерді тексеру жұмысын жүргізбек.




«17 ақпан мен 9 наурыз аралығында сайт әкімшілігі жаңа URL мекенжайын тіркеді. Орталық оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігінің маңызын ескеріп, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға тиісті сұраныс жолдады. Сонымен қатар, баспалармен бірлесіп, қолданыстағы қағаз және электронды оқулықтардағы веб-сайттарға сілтемелер тексеріліп, мұғалімдер мен ата-аналарға тиісті нұсқау хаты рәсімделеді» , – делінген жауапта.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқулық #тексеру #министрлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);