AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқу-ағарту министрінің балалары қарапайым мектепте...

Оқу-ағарту министрінің балалары қарапайым мектепте оқиды

Білім және ғылым 10.10.2023, 10:12 1,448
Оқу-ағарту министрінің балалары қарапайым мектепте оқиды
Сурет: Primeminister.kz

Министр: Дүниежүзілік банк сарапшыларының Қазақстан оқушыларының сауатына қатысты дерегі - жауыр болған ақпарат.


Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.



Бүгін Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте БАҚ өкілдері министрден «Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстандағы мектеп оқушыларының 64 пайызы функционалдық тұрғыда сауатсыз деген екен. Бұл пікірмен келісесіз бе? Білім сапасы мектептерде соншалықты нашар ма?» деп сұраған еді.


Министр мұндай тұжырыммен келіспейтінін қадап айтты.




«Жалпы, бұл пікірмен мүлде келіспеймін. Дүниежүзілік банктің айтып отырғаны — ескірген, жауыр болған ақпарат. 2018 жылдан бері келе жатқан дүниелер. Одан бері қаншама уақыт өтті, сапаны көтеру бағытында қаншама жұмыс атқарылып жатыр. Бұл туралы біз үнемі ашық айтып отырамыз. Оқушыларымыздың деңгейі осындай деген сөздің шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді», — деді Ғани Бейсембаев.




Сонымен қатар ол балаларының үйге жақын мемлекеттік мектепте білім алатынын атап өтті.




«Қарапайым мектеп. Мұғалімдері де, оқу процесі де көңілімнен шығады. Қолым тигенде балаларымның сабағын қарап отырамын. Бағасын қадағалау үшін ғана емес, түсіндірген, оқыған сабақтарын жеткізуде жақсы қалыптасқан білімінің бар екенін байқадым», — деді министр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрі #пікір #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);