AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқу-ағарту министрі жеке мектептердің педагогтерім...

Оқу-ағарту министрі жеке мектептердің педагогтерімен кездесті

Білім және ғылым 21.11.2024, 13:47 1,015 dulatbekova
Оқу-ағарту министрі жеке мектептердің педагогтерімен кездесті
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі жеке орта білім беру ұйымдарының І республикалық конференциясы алаңында педагогикалық ұжымдармен, жеке мектептер қауымдастығының басшыларымен және өкілдерімен кездесті.

Ғани Бейсембаев конференцияда сөйлеген сөзінде мемлекет тарапынан білім беру ұйымдарына меншік нысанына қарамастан жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше,  тек биылғы жылдың өзінде 250 мың бала білім алатын жеке мектептерге бюджеттен 161 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.

«Тағы бір маңызды қадамды айта кетуіміз керек. Мәжілісте бүгінгі таңда Үкіметтің бастамашылық етуімен заң жобасы қаралып жатыр, онда жеке мектептерде білім алатын әлеуметтік осал отбасы балаларына мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету туралы норма бар. Бұл дегеніміз, жеке мектептерде оқитын балаларға да жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен қажетті оқу-құралдарын алуға қаржылай қолдау көрсетіледі және олар тегін ыстық тамақтандырумен қамтылады. Бұл мемлекеттің жеке секторға қолдау көрсетуінің айқын дәлелі бола алады. Білім беру ұйымдарының меншік түріне қарамастан басты міндеті – еліміздің сапалы адами капиталын қалыптастыру. Әрбір бала сапалы білім алып, қауіпсіз әрі жайлы ортада дамуы керек», - деді министр.

Елімізде 8 мыңнан астам мектепте 3,9 млн бала білім алып жатыр. Мемлекеттің қолдауының арқасында соңғы үш жылда жеке мектептердің саны 3 есе артты. Бүгінде 800-ден астам жекеменшік мектепте 250 мыңнан астам бала оқуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрлігі #жеке мектеп #педагогтер #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);