ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Оператив жауап: Алмалы ауданында үш жедел топ құры...

Оператив жауап: Алмалы ауданында үш жедел топ құрылды

Алматы 01.07.2025, 12:36 605
Оператив жауап: Алмалы ауданында үш жедел топ құрылды
Алматы әкімдігі
Халыққа жайлы қалалық орта құрудың алғышарты болғандықтан, Алмалы ауданы аулаларды, көшелерді, саябақтарды, скверлер мен қоғамдық орындарды жүйелі түрде тазалап отырады, - деп хабарлайды...

Халыққа жайлы қалалық орта құрудың алғышарты болғандықтан, Алмалы ауданы аулаларды, көшелерді, саябақтарды, скверлер мен қоғамдық орындарды жүйелі түрде тазалап отырады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Көшелер мен жолдардың  тазалығына үш мердігер ұйым жауапты, олар 110 көшені қалыпқа келтіріп,    жалпы ұзындығы 186,6 шақырым, ауданы 3,6 миллион шаршы метр болатын жерде жұмыс істейді. 241 жұмысшы мен 162 арнаулы техникасы және бар. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин азаматтардың өтінішіне жедел жауап беру үшін үш жедел топ құрылғанын да хабарлады.

Аулалық аумақтар да қала қызметінің бақылауында. Ауданда барлығы 425 аула бар, олардың жалпы ауданы 3 миллион шаршы метр. Аулалардың тазалығымен бес мердігер ұйым айналысады, жұмысқа 325 аула қызметкері мен 45 арнаулы техника тартылған. Сонымен қатар, 2025 жылы аула тазалауға арналған автопаркті тағы 9 арнайы техникамен толықтырмақ.

Аудандағы жасыл қоғамдық кеңістіктерге ерекше назар аударылған. Алмалы ауданында 22 сквер, 1 саябақ, 5 бульвар мен  20 жасыл аймақ орналасқан. 113 жұмысшы мен 25 арнаулы техника осы аумақтардың тазалығына жауапты. Аудан шығыс және батыс жақ болып екіге бөлінген, жауапкершілікті де екі мердігер ұйым мойнына алыпты.

Шығыс бөлікке, оның ішінде Назарбаев даңғылы - Абай даңғылы - Байзақов - Райымбек көшелері аралығындағы аумаққа жауапты «Get Target» ЖШС. Бұл аумақта 16 сквер, 4 бульвар және 13 жасыл аймақ бар. Мұнда 63 жол жұмысшысы мен 15 арнаулы техника жұмыс істейді.

Ал батыс бөлікке, Байзақов - Абай - Сайран - Райымбек көшелері аралығына «Самғау Групп» ЖШС жауапты. Бұл аумақта 1 саябақ, 6 сквер, 1 бульвар және 7 жасыл аймақ орналасқан. Бұл нысандара 50 адам жұмыс істейді, 10 техникасы тағы бар.

Осылайша, Алмалы ауданының тазалығына күн сайын 700-ден астам жұмысшы мен 230-дан астам арнаулы техника жұмылдырылыпты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.