AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Оның өжет мінезі қазақтың бойында бар

Оның өжет мінезі қазақтың бойында бар

Мәдениет 01.12.2024, 17:29 1,115 Жазып алған Айнабай ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ.
Оның өжет мінезі қазақтың бойында бар
Самат Серікбайұлы

Күні кеше Алматы жұртшылығы «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын тамашалағаны туралы жазған едік. Сол премьерасына арнайы барған тілшілеріміз Шағатай рөлінде ойнаушы актер Ислам ХАМЗАЕВтың пікірін жазып алған еді. 

«Опера театрында бүгін – тарихи сәт. Тарихи оқиғаға құрылған, ел басына күн туған сонау қиын шақтың тағдыры сахналанды. Үргеніштің қирауы Жошы ханның Алтын орданы құруы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыс ұрпақтары арасында хандық интриганың болуы баяндалып, бажайланды. Операда Шыңғыс хан ұрпақтарының қандай болғандығы, олардың бір-біріне қарым-қатынасы, кездескен сәттері, осының бірі-бәрі операның өнебойынан көрініс тапты», – дейді актер Ислам Хамзаев.


​«Шағатай –– Шыңғыс ханның ең сүйікті ұлы. Ол – Шағатай он төрт жасынан әке жолын қуып, өзін билікке лайықты адам екенін көрсете білген жан. Операға дайындалған кезде Шыңғыс ұрпақтарын өзімше зерттеп, зерделедім. Шағатай деген кім? Не үшін Жошымен жағаласты? Жошыға «Меркіттің ұрпағы» деп айтып қалып, араздасқан кезі де бар» дейді Ислам.  

«Үргеніш халқын қырып тастаған Шағатай. Жошы – Шағатайға қарағанда, жүрегі жұмсақ адам. Ал, Шағатай болса, тым қатал. Әкесі Шыңғыс нені айтса, соны орындайтын болған. Бүгінгі қойылымда Шағатай бейнесі өзгеше қырынан көрінді. Ол – тарих сахнасындағы ұлы тұлға. Табанасты дүниелерді ойлап тауып, ақыры опық жейтін кездерім бар», – дейді актер.

«Шағатай – ұлы тұлға. Оның бойындағы өжет мінез бүгінгі қазақтардың да бойында бар. Оған еліктейтіндердің барын жоққа шығармаймыз. Оның мінезінде іске тура, батыл бару басымдау. Бұл қасиет те әр қазақтың бойында бар. Бірақ, Шағатай сықылды қаныпезер болудың қажеті жоқ.

Батыр да мықты адамның, әлбетте, осал тұсы да болады. Онысы әйелге деген көзқарасынан байқалады. Осыны түсіну маған біраз қиындық  туғызғаны бар. Шағатайды зерделеу барысында бұған да көз жеткіздім», – деді актер И.Хамзаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #премьера #Батыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);