ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Оңтүстікте өрт қаупі басым

Оңтүстікте өрт қаупі басым

Әлеумет 11.05.2025, 10:05 570
Оңтүстікте өрт қаупі басым
Сурет: mail.mamaplus.md
Соған байланысты елдің басым бөлігіне ескерту жасалды.

Соған байланысты елдің басым бөлігіне ескерту жасалды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 11 мамырда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 25 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с-ке жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі бар.

Алматыда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні  15-20 м/с-ке жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысы бойынша төтенше өрт қаупі, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі бар.

Шымкентте төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні -15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысында найзағай, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. ік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.