ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Әлем 30.10.2022, 06:24 1,392
Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды
Сурет: Inform.kz
Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кемінде 151 адам мерт болды, оның 19-ы шетелдік. Осыған байланысты ел президенті Юн Сок Ёль жексенбі күні Ұлттық аза тұту күнін...

Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кемінде 151 адам мерт болды, оның 19-ы шетелдік. Осыған байланысты ел президенті Юн Сок Ёль жексенбі күні Ұлттық аза тұту күнін жариялап, мемлекеттік тулар түсірілді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.




Юн Итхэвон ауданында тар көшеде адамдар тобының мерекеге келген балаларды таптап кету оқиғасынан соң ел халқына президент ғимаратынан тікелей эфир арқылы хабарласып, мәлімдеме жасады.


«Бұл –масқара! Сенбі күнгі қайғылы жағдай ешқашан болмауы керек еді»,- деді Юн.


«Адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға ретінде бұл жағдай маған өте ауыр тиді және маған бұл сезімнен айығу оңай болмай тұр»,-деді ел президенті.


«Үкімет бүгіннен бастап жағдай толық бақылауға алынғанға дейінгі аралықты қаралы күн деп жариялайды және бірінші кезекте қалпына келтіру мен одан кейінгі шаралардың әкімшілік мәселелеріне жіті көңіл бөледі».


Мемлекет басшысы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек жазылып кетуін тіледі. Ол ел үкіметінің мерт болғандарды жерлеуге дайындық шараларын қолға алып, жедел жәрдем қызметтерін толықтай жарақат алғандарды емдеуге жұмылдыратынын айтты. Сондай-ақ қажет адамдарға мемлекеттік қызметшілер жекелей де көмек көрсетеді.


«Қазір ең бастысы апаттың себеп-салдарын анықтап, оның қайталануының алды алу»,-деді ол.


«Біз бұл апаттың шығу себебін жан-жақты тексеріп, енді оның екінші қайталанбауы үшін жүйелі өзгерістер енгіземіз».


Президент сондай-ақ Ішкі істер министрі мен өзге де құзырлы органдарға Хэллоуин мерекесін тойлау оқиғаларының барлығын, сондай-ақ өзге де фестивальдардың сәтті өтуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел тексеру жүргізуді тапсыратынын айтты.


Мәлімдемесінен соң президент бірден апат болған жерге барып, артынан үкіметтің жауапты мәжілісіне төрағалық ету үшін Сеулдің орталығындағы үкімет кешеніне кетті.


Ол сондай-ақ барлық үкіметтің мекемелерге туларды түсіру туралы бұйрық берді.


Айта кетейік, осыған дейін Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде 120-дан астам адамның қаза болғанын жаздық.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.