AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 108 адам ауруханағ...

Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 108 адам ауруханаға жеткізілді

Әлем 03.08.2023, 10:10 1,149
Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 108 адам ауруханаға жеткізілді
Сурет: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяның Солтүстік Чолла провинциясындағы 25-ші Дүниежүзілік скауттар слетінің ашылу салтанатында аптап ыстықтан ауырып қалған 108 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.


«Жастарға арналған мәдени Олимпиада» аталған Дүниежүзілік слеттің ашылу салтанаты сәрсенбі күні кешке өтті.


Биыл елдің оңтүстік-батыс жағалауындағы іс-шараға 158 елден 43 мыңға жуық жас скаут жиналды.


Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, 108 қатысушы ыстықтан зардап шекті. 31 адам бас ауруы мен іштің ауыруына шағымданып, медициналық көмек сұрады. Екі адам әлі де медициналық мекемелерде емделуде.


Ұйымдастыру комитеті қосымша медициналық персоналды — 30 дәрігер мен 60 медбикені тартатынын және лагерьдегі пациенттерге күтім жасау үшін төсек санын 220-ға дейін арттыратынын айтты.


Қазіргі уақытта мұнда 70 төсек орналастырылған.


Іс-шараның соңғы бөлігінің алдында бірнеше адам есінен танып қалды. Өрт сөндірушілер іс-шараны тоқтатуды талап етті.


Кейінірек ұйымдастыру комитетінің өкілдері скауттарды әдеттен қатты ыстықтан қорғау үшін қосымша шаралар қабылдауға уәде берді.


Провинцияда ыстық күн райы слеттің соңына дейін сақталады деп болжанып отыр.


Солтүстік Чолла провинциясының 14 аймағында, соның ішінде Буанда қатты ыстық болатыны туралы ескерту жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#корея #Аптап #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);