ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатын...

Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді

Әлем 04.01.2025, 11:33 978
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Сурет: khovar.tj
Елде 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 10,24 миллионға жетті.

Елде 65 және одан жоғары жастағы адамдардың саны 10,24 миллионға жетті.

 Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша бұл ең жоғары көрсеткіш. Ал бұған билік қатты алаңдаулы. Өйткені Оңтүстік Корея туу көрсеткіші ең төмен ел, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оңтүстік Кореядағы қарт адамдар елдегі 51,22 миллион халықтың 20 пайызын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы 65 және одан жоғары жастағы адамдар саны 7 пайыздан асатын елдерді қартайған қоғам, 14 пайыздан асатын елдерді қарттар қоғамы ал 20 пайыздан асcа өте қарт қоғам санатына жатқызады. Әрі  былтырдан бері 0,72 көрсеткішпен туу деңгейі ең төмен елдердің қатарында тұрған Оңтүстік Кореяда әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты туу көрсеткіші азайып барады.

 Ли Сан Лим, Корея ұлттық университетінің докторы:

-Туу деңгейінің 0,72-ні көрсетуі – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Осыған ұқсас жағдайлар 1990 жылы Германияның қайта бірігуі кезінде де орын алды. Ол кезде туу көрсеткіші 0,77-ге дейін төмендеді. Сондай-ақ Еуропадағы тоқырау жылдарында Вена сияқты ірі қалаларда бір әйел бір баладан артық тумайтын. Ал Оңтүстік Кореядағы қазіргі жағдайдың ерекшелігі - тоқырау емес экономикамыз тұрақты кезде осындай жағдайдың орын алуы. 

Туу көрсеткішінің төмендеуі, жаңа отбасылар санының аздығына байланысты. Бұл үрдіс экономикасы дамыған елдер үшін қалыпты жайт. Ер адамдар отбасы құрудағы жауапкершіліктен қашса, қыздар балалы болудан гөрі мансапты ойлайды. Өйткені тұрғын үй бағасының күн санап өсуі мен бала күтіміне кететін шығынға бас қатырғысы келмейді дейді, сарапшылар.

Ли Сан Лим, Корея ұлттық университетінің докторы:

Бұл оқиғалар саяси қателіктермен тікелей байланысты. 2010 жылдан бастап мемлекет жылжымайтын мүлік нарығын ынталандыру үшін несиені ең жоғары сомаға дейін көтерді. Салдарынан тұрғын үй мен жалдамалы пәтер бағасы шарықтап кетті. Осы кезде қоғам ішінде смартфондар мен әлеуметтік желілердің танымалдылығы артты. Жастар өздерінің өмір сүру салтын басқалармен салыстыра бастады, бәсекелестіктің жаңа түрі пайда болды. Осылайша олар бала тууға үлкен мәселе ретінде қарады.

Билік кейінгі 15 жыл бойы туу көрсеткішін көтеру үшін 200 миллиардтан астам қаражат жқмсады. Бірақ нәтижесіз. Биыл ел бойынша төтенше жағдай жарияланып, үкіметке демографиялық дағдырысты бір қалыпқа келтіруге тапсырма берілді. Сарапшылар жыл соңында көрсеткіш 0,68 пайызға дейін төмендейді деп болжайды. Егер билік тарапынан жасалатын шаралар күшейтілмесе, ғасыр соңында  халық саны 2 есе қысқаруы мүмкін. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.