ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан об...

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда

Әлеумет 12.10.2021, 03:16 1,194
Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда
almaty-akshamy.kz
Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Ұлттық халық санағы басталған алғашқы екі аптада (1-15 қыркүйек аралығы) онлайн сауалнамаға 3 млн қазақстандық қатысса, 11 қазан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, көрсеткіш 7 045 196 респондентті құрады. Олардың 6 040 911-і sanaq.gov.kz сайтында, 700 972 адам Egov порталында тіркелу арқылы, 303 313 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.


Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 913 074 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен 746 343 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 707 384 адам санақ сауалдарына жауап берді.


Онлайн санақтан өту көрсеткіші бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 215464 және 165749 адам сауалнамаға қатысты.


Ал, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы алда келеді. Мұнда азаматтардың 52% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 1361163 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы екінші орында тұр. Мұнда тұрғындардың 51,1% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген).


Еске салайық, 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді жаппай аралауды бастаған еді. 10 күннің қорытындысы бойынша офлайн санақпен еліміздің 1 445 204 тұрғыны қамтылған. Айта кетейік, онлайн санақтан қазанның 15-іне дейін өтуге мүмкіндік бар.


Онлайн санақтан тек үйде ғана емес, ел бойынша ашылған 3 мыңнан аса «санақ бұрыштарында» өтуге болады. Олар Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» филиалдары мен сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан.


Онлайн санақтан өтпегендер 30 қазанға дейін интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 телефон номеріне хабарласуға болады. Қоңырау шалу – тегін.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.