Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Онлайн қызмет бойынша Қазақстан үздік 10 елдің қат...

Онлайн қызмет бойынша Қазақстан үздік 10 елдің қатарында

Әлеумет 29.01.2025, 17:23 724
Онлайн қызмет бойынша Қазақстан үздік 10 елдің қатарында
Сурет: Еgemen.kz

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

Цифрлық кодекс жобасы аясында жалған ақпараттың таралуына заңнамалық тұрғыдан тосқауыл қойылмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қорытындылап, жаңа міндеттер қойды. Мемлекет басшысы экономикалық дамудың бірқатар көрсеткіші бойынша оң серпін бар екенін атап өтіп, алдағы бес жылға арналған жұмыстың басты  бағыттарын айқындап берді. Ол – ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллект, атом энергетикасын дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді нығайту, инвестиция тарту. Әрине, бұл міндеттерді орындау үшін заман талабына бейімделген берік заңнамалық негіз қажет", - деді Мәжіліс спикері.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы Парламентке жер қойнауын пайдалану құқықтарын бөлу кезінде инвесторларға түсінікті әрі ашық құқықтық база құру туралы тапсырма берді.

"Қазіргі уақытта депутаттардың бастамасымен әзірленген жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасы қаралып жатыр. Енді бастамашы депутаттар елімізге ірі геологиялық барлау компаниялары келуіне неғұрлым қолайлы жағдай жасау мәселесіне мұқият назар аударуы қажет. Бұл орайда озық елдердің тәжірибесін барынша зерделеп, жұмысты сессия соңына дейін аяқтауымыз керек", - деді Қошанов.

Мемлекет басшысы назар аударған тағы бір маңызды мәселе – цифрландыру.

"Біріккен Ұлттар Ұйымы берген баға бойынша, Қазақстан бүгінгі таңда осы салада елеулі жетістікке жетіп отыр. Еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында. Сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша үздік 10 ел қатарына кіреді. Мәселен, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу деңгейі 92 пайызға жетті. Алайда мұндай прогрестің екінші жағы да бар. Цифрландырумен бірге халыққа жалған ақпарат тарату белең алып, алаяқтықтың небір түрі қарқынды дамып келе жатыр. Қазақстандықтар күн сайын осындай жағымсыз жайттарға тап болуда. Бірнеше депутаттық сауалдың осы проблемаға арналғаны бекер емес. Қазіргі жағдайда бұл мәселеге жан-жақты қарау керек. Ең алдымен, заң мен тәртіпті сақтауға бағытталған шаралар қабылдау қажет. Мәселен, алда қаралатын Цифрлық кодекс жобасы шеңберінде еліміздің тұрақтылығына нұқсан келтіретін жалған ақпараттың таралуына заңнамалық тұрғыдан тосқауыл қоюға тиіспіз. Сонымен қатар, деструктивті контент таратқаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін қарастырған жөн", - деп атап өтті ол.

Ерлан Қошанов жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.

Мәжіліс қабырғасында тиісті заң жобасы әзірленді. Жақын арада осы заң жобасын талқылау жұмысы басталады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онлайн #Мәжіліс #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.