AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Онкологиялық ауру күдігіне іліккен пациенттер үшін...

Онкологиялық ауру күдігіне іліккен пациенттер үшін «жасыл дәліз» енгізілген

Медицина 27.08.2022, 08:31 2,068
Онкологиялық ауру күдігіне іліккен пациенттер үшін «жасыл дәліз» енгізілген
Сурет: Yusupovs.com

 Биыл 6 айда 19 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталды.


Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Тұрғындар саны 50-ден 500 адамға дейінгі ауылдарда медициналық пункт ашу, халқы 500-ден 1500 адамға дейінгі ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункт құру көзделеді.


5000-нан астам тұрғын тұратын ауылдарда медициналық-санитариялық алғашқы орталықтар құрылатын болады. Жаңа нормативтер жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дәрігерлік амбулаториялардың учаскелерін кеңейтуді көздейді. «Алтын сағат» қағидаты бойынша ауыл халқына уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 32 көпбейінді ауданаралық ауруханалар көпбейінді орталық аудандық ауруханалар болып қайта құрылады», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның атап өтуінше, онкологиялық ауру күдігіне іліккен пациенттер үшін «жасыл дәліз» енгізілді. Яғни, мұндай күдікке іліккен пациенттер кезектен тыс әрі шектеусіз дәрігердің қабылдауына кіреді.



«2022 жылдың 6 айында «жасыл дәліз» арқылы 25 мыңнан астам адам өтті. Оның ішінде 19 мыңнан астам пациентте қатерлі ісіктің жаңадан қалыптасу диагнозы анықталды», - деді Жандос Бүркітбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қатерлі ісік #дертке шалдыққандар #ауруханалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);