ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өңірлік комиссия Алматы базарларында әлеуметтік ма...

Өңірлік комиссия Алматы базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын қымбаттатудың 213 жайтын анықтады

Әлеумет 21.06.2024, 14:12 547
Өңірлік комиссия Алматы базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын қымбаттатудың 213 жайтын анықтады
Almaty-akshamy.kz
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) қойылатын 15%-дық сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз ету және делдалдар тізбегін жою мақсатында, Алматы қаласында азық-түлік...

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) қойылатын 15%-дық сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз ету және делдалдар тізбегін жою мақсатында, Алматы қаласында азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі Өңірлік комиссия жұмыс істейді, оның құрамына жергілікті, орталық, құқық қорғау органдары (Экономикалық тергеу, Сауда, Мемлекеттік кіріс, Бәсекелестікті қорғау және дамыту, Техникалық реттеу департаменттері, Аумақтық инспекция және т.б.), сондай-ақ Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Комиссия мүшелері тұрақты негізде қаланың: «Түрксіб», «Арыстан», «Сары-Арқа», «Тау-Самалы», «Көк базар», «Тастақ», Ақ-Бұлақ», «Барыс-4» және тағы сол секілді негізгі азық-түлік базарларында баға белгілеуді бақылау бойынша іс-шаралар өткізіп отырады.

Атап айтқанда, «Барыс-4» базарын тексеру барысында, Өңірлік комиссия 54 кәсіпкердің қызметінде заң бұзушылықтың жайттарын анықтады, оның 29-ы тауардың бағаларын көрсетпей сатқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193-бабы, қалған 25-і әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15%-дық сауда үстемесін қымбаттатқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. «Барыс-4» базарының сатушылары арасындағы делдалдар тізбегін жою және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15%-дық сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатын болады және ол комиссияның ерекше бақылауында қалып отыр.

Ағымдағы жылдың басынан бері Өңірлік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15%-дық сауда үстемесін қымбаттатудың барлығы 213 жайты анықталды, 198 әкімшілік хаттама жасалды, сондай-ақ 25 тиімсіз делдал жойылды.

Сондай-ақ, мониторинг барысында, құқықтық сауаттылықты арттыру үшін, аталған базар кәсіпкерлерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұруға қатысты туындаған мәселелеріне түсінік берілді, қосымша ретінде өз құқықтарын қорғау тұрғысынан дер кезінде ден қою үшін мүмкіндік беретін сотқа дейінгі рәсімдер туралы түсінік берілді, сондай-ақ «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңнамасы  нормаларының шеңберінде, ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.