Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өнертапқыштар еңбектерін көрсетті

Өнертапқыштар еңбектерін көрсетті

Әлеумет 11.05.2024, 12:07 731
Өнертапқыштар еңбектерін көрсетті
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Алматыда TURAQTY JOL республикалық экологиялық идея мен жобалар фестивалінің өтті. 

TURAQTY JOL – мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын бастама.

TURAQTY JOL экологиялық идеялар мен жобалар фестивалін өткізуі дәстүрлі түрде басты оқиғасы шеңберінде қатысуға экологиялық мәдениетті дамытуға және елдің тұрақты даму жолындағы қозғалыс векторын нығайтуға бағытталған нақты және тиімді экологиялық бастамалары бар, 16 мен 35 жас аралығындағы жас экологиялық белсенділер шақырылды. 

Еліміздің барлық өңірінен жіберілген 300-ден астам өтінім арасынан 10 команда іріктелді. Іріктелген командалар үшін арнайы шақырылған жетекші сарапшылардың қатысуымен онлайн шеберлік сыныптары, тренингтер мен воркшоптар өткізілді. Ақтық кезеңге өткен командалар 15 миллион теңге көлеміндегі жүлде қоры үшін бақтарын сынады. Ол үшін финал барысында команда капитандары  қазылар алқасы мүшелеріне өз эко идеяларын таныстырып және нақ сол жобаны іске асыру керек екенін дәлелдеу керек. Жүлде қоры келесідей:  бірінші орын  - 6 миллион теңге, екінші орын - 4 миллион теңге, ал үшінші – 3 миллион теңге, сондай-ақ әрқайсысы 1 миллион теңгеден 2 ынталандыру сыйлығы тағайындалды.

TURAQTY JOL - Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады. 

Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қолдауымен өткізілді.

Жобаның ақпараттық серіктестері - Alash Media Group және Nur Media медиа холдингтері.

«Біз жастарға қолдау білдіргіміз келеді. Соның ішінде жас өнертапқытарға жол көрсетуге тиіспіз. Әр ойлап табылған жоба, ертеңгі инновациялық жаңалық болып саналады. Демек болашақ бизнес өкілдеріде ақылды адамдардың арқасында жүзеге асады», - деді  ұйымдастырушы Болат Ақшолақов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экологиялық идеялар #жоба #өнертапқыштар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.