AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өнерлі ұрпақ – өрісті болашақ

Өнерлі ұрпақ – өрісті болашақ

Әлеумет 01.11.2023, 05:03 1,184
Өнерлі ұрпақ – өрісті болашақ

Алматы қаласы  Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде «Болашаққа еңбекқор, білімді, өнерлі және дені сау ұрпақ» атты онкүндік өтті. 


Онкүндіктің ашылуында лицей директоры  Қайратбек Шадиев сөз алып, ұстаздарға ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.


Онкүндік барысында Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық кафедрасының пән мұғалімдері жаңартылған білім мазмұны бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Дене шынықтыру пәнінің  мұғалімдері, М.К.Өтешова, Н.Т.Молдахмет, Е.М.Әнәпияев, Р.Қыпшақ, Н.Э.Төлбаева, А.Е.Жанпейісовалардың мұрындық болуымен 8-11 сыныптар (ұлдар, қыздар) арасында футболдан, волейболдан жарыстар өтті.


Сонымен қатар, 9-11 сыныптың оқушылары спорттың  4 түрінен бақ сынасты. Атап айтқанда, «Гауһар тас лигасы» аясында жеңіл атлетикадан бір орыннан ұзындыққа секіру, 100 метрге жүгіру, кросс 1000 м  қыздар, 2000м ұлдар және эстафеталық таяқшамен жүгіру. Сайыс соңында I, II, III орын алған жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар технология пәні мұғалімдері  М.А.Әбіқанова мен А.Н. Қадыров оқушыларды қолөнерге баулып, балалардың жасаған бірегей туындылары көрмеге қойылды.  


Онкүндік аясында кафедра мұғалімдері 7 сынып ұлдары арасында «Жігітке жеті өнерде аз» атты сайыс өткізді.



«Оқушылар арасында мұндай шараларды жиі өткізудің тәрбиелік мәні зор. Байқау оқушыларды жігерлілік пен ұстамдылыққа, батылдық пен шымырлыққа тәрбиелейді»,-дейді №178 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Нәбиұлы.


Қорытынды кезеңде қазылар алқасы жүлделі орынға ие болғандарды марапаттап, сыйлықтар тапсырды.


Байқау соңында кафедра мұғалімдері мен оқушылар «Атамекен» әнін хормен орындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #шара #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);