конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін береді

Өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін береді

АЭС: Референдум 19.09.2024, 14:18 1,409
Өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін береді
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап небәрі 33 жасқа толған жас мемлекет. Бірақ жасына қарамастан, біздің елімізде үлкен және өршіл жоспарлар жүзеге асып келеді.

Қоғам талқысындағы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – АЭС салу. Бұл мәселеде жастардың да пікірімен санасып, ой бөлісуді жөн санағандарыңыз үшін рахмет айтамын.

Қазіргі заманғы атом электр станцияларын ел үшін энергия өндірудің негізгі көзі деп және оны қауіпсіз түрде «жасыл энергетика» деп атауға болады. Өйткені, атом электр станциялары – әлемдегі электр энергиясының маңызды көздерінің бірі. АЭС арқылы көптеген елдер экономикалық және әлеуметтік дамудағы негізгі мәселелерін шешіп жатыр. Мәселен, соңғы уақытта елімізде электр қуатының жетіспеушілігінен желдеткіштердің өшіп қалып жататын жағдайлар жиілеп кеткенін білеміз. Менің түсінігімде өз қызметі үшін көмір немесе газды пайдаланатын ЖЭО сияқты баламалы электр энергиясын өндірушілермен салыстырғанда, АЭС энергия тиімділігі бойынша абсолютті көшбасшы бола алады. Оның артықшылықтары көп, мәселен, экологиялық таза энергия: Атом электр станциялары климаттың өзгеруінің негізгі себебі болып табылатын көмірқышқыл газы (СО2) сияқты парниктік газдарды атмосфераға шығармайды. Олар іс жүзінде ауа мен судың ластануына ықпал етпейді, бұл қоршаған ортаға әсерді азайтады.

Жалпы, атом электр станциясы, бұл өте жоғары технологиялық және сенімді кешен, оған заманауи жабдықтар, жоғары білікті кадрлар және ең бастысы, бұл қауіпсіздіктің заманауи тәсілі.  Сондықтан АЭС салу біздің экономикамыз үшін ауыр және орта өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #Атом стансасы #жэо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);