AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Он мың дана таралыммен мерейтойлық марка айналымға...

Он мың дана таралыммен мерейтойлық марка айналымға шықты

Әлеумет 26.10.2022, 04:34 1,225
Он мың дана таралыммен мерейтойлық марка айналымға шықты
Фото: kazpost.kz

Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 30 жылдығына орай естелік пошта маркасы шығарылды




Қазақстан Республикасының аумағында «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 30 жылдығына» орай «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясының арнайы пошталық маркасы айналымға енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.









Марканы «Қазпошта» АҚ БҰҰ-ның Қазақстандағы Өкілдігі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бірлесіп шығарған.



«Біздің компания Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 30 жылдығы сияқты айтулы оқиғаның құрметіне естелік пошта маркасын айналымға шығарғанына қуанышты. Осы марка еліміздің әлемдік қауымдастықтағы рөлінің тамаша дәлелі болады деп ойлаймын. Биыл «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясы аясында "Қазпошта" Қазақстанның ЮНЕСКО, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдарға мүшелігінің 30 жылдығына және Қазақстанның Материалдық емес мұраны сақтау туралы конвенцияға қосылуының 10 жылдығына арналған маркалар шығарды. Сонымен қатар елімізде пошта айналымында БҰҰ-ның 50 және 60 жылдығына орай шығарылған маркалар қолданылады», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.



Өлшемі 26 х 29,6 мм пошта маркасы 10 000 дана таралыммен шығарылды. Марка парағы 8 маркадан тұрады. Парақ өлшемі 135 x 70 мм. Пошта маркасының номиналы – 700 теңге. Маркалар ультракүлгін бояумен және лакпен қорғалған. Суретшісі – Эльнара Байназарова.



БҰҰ-ның Қазақстандағы басшысы Микаэла Фриберг-Стори: «Марка кескіндемесінің негізі ретінде домбыраның таңдалуы кездейсоқ емес, өйткені қазақтың дәстүрлі домбыра күйі ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативті тізіміне енгізілген. Біз Қазақстанның осы отыз жыл ішінде тұрақты даму жөніндегі іс-әрекетін құптаймыз. Естелік пошта маркасының шығарылымы Қазақстанның сыртқы саясаты тарихындағы маңызды белес және тұрақты даму мақсаттарына бейімдігі туралы қоғам хабардарлығын арттырудың белгісі болып табылады», - деп атап өтті.



Біріккен Ұлттар Ұйымы дамудың болашақ жоспарлары мен Үкіметтің тұрақты дамуға деген қарқынды ұмтылысы туралы көзқарасты дамыту үшін Қазақстанға арналған қолдауын тереңдетуде. БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі құндылықтарға, адам құқықтарына негізделген сенімді серіктес болып қала береді. Ұйым жұмысы мемлекет пен қоғамдағы серіктестерге басқарудың ең қажетті кеңестерін, техникалық көмек пен ғаламдық желілерге қол жеткізуге бағытталған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Марка #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);