Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өмірдің мәнін омарташылықтан тапқан

Өмірдің мәнін омарташылықтан тапқан

Әлеумет 17.09.2023, 08:39 1,254
Өмірдің мәнін омарташылықтан тапқан
Сурет: 24.kz

Табиғаттың бергенін пайдаланып, оған еш зиянын тигізбей өмір сүру.


Бұл Жетісу облысының Лепсі ауылында тұратын Фархат Абузяровтың өмірлік ұстанымы. Үш атадан бері омарташылықпен айналысатын ол өзге де ара өсірушілерге көмектесіп келеді. Кәнігі маман жер жәннәті Жетісуда өндірілген балды Жапония, Қытай және Араб елдері мен Еуропаға экспорттайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz мәліметі бойынша, Фархат Абузяровтың қолындағы түтіндеткішті кезінде оның атасы қолданған. Одан кейін әкесі енді міне өзі пайдаланып жүр. Сондықтан отбасы үшін ол көне жәдігердей құнды. Ұрпақ сабақтастығын жалғаған ұл өмірдің мәнін омарташылықтан тапқан. 


Фархат Абузяров, омарташы:



- Аралардан көп нәрсе үйрену керек адамдарға. Олардың жұмыс істегені бір бірімен қарым қатынасы бәрі өте дамыған. Адамдар оған жете алмады деп ойлаймын. Олардың тамақ ішкені жұмысы бәрі дұрыс қойылған. Соның біразын жасаса жақсы болады.



Фархат бала күнінен үйренген істі жалғастырып, білім алу үшін Рязань қаласындағы омарташылық академиясына түскен. Жары Зарина екеуі аталған жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен бітірді. Мамандық алып елге келген соң олар ата кәсіпті өркендетуге шындап кіріседі. Ерлі-зайыптылар оншақты  жылда омарта санын арттырып, өз саласының нағыз майталманына айналды. 


Фархат Абузяров, омарташы:



- Біз органик болғаннан кейін химиялық препарат пайдаланбаймыз. Аралар бірнеше жыл қиын жағдай болды. Қазір аралар үйреніп кетті. Мен омарташы маманы болғаннан кейін аралар жақсы болып кетті.  Ана химияны бере бергеннен олар жаман болып кетеді. Иммунитеттері түседі. Химия бермесең өздері күш жзинап алады. Табиғаттың күші береді.



Лепсі ауылының халқы негізінен омарташылықты кәсіп етеді. Ауа райы қолайлы болған жылы олар мол өнім алып, оны сата алмай қиналатын.  Саладағы өзекті мәселені шешуді Фархат ұсынды. Ол жергілікті атымтай жомарттардың біріне балды ыдысқа құятын кәсіпорын ашу керектігін айтқан. Бастамасы қолдау тауып заманауи цех іске қосылды. Өндіріс жолға қойылған соң саладағылар жаңа бағытты игере бастады. 


Зарина Абузярова, технолог:



- Біздің аймақ экологиялық таза болғандықтан осы жердегі жеміс жидектерге де сұраныс көп. Сондықтан біз сублиматор сатып алдық. Құрылғымен таудағы бүлдіргенді, таңқурайды, өзге де өсімдіктерді кептіріп шай жасаймыз. Әзірге шайдың төрт түрін дайындадық. Олардың бәрі пайдалы, емдік шай болып есептеледі. 



Омарташылар әулеті бал өнімдерімен қатар енді кептірілген жеміс-жидек сату ісін дамытуды жоспарлап отыр. Осылайша олар шағын ауылда тағы бір саланың негізін қалап, өндірісті өркендетпек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#омарташы #қоғам #сауда #әлеумет #бал #Ара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.