AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Өмірден өтсем, ақшам кімге қалады?" Министр МӘМС...

"Өмірден өтсем, ақшам кімге қалады?" Министр МӘМС туралы сұраққа жауап берді

Мұны білген жөн 24.07.2025, 14:54 987
"Өмірден өтсем, ақшам кімге қалады?" Министр МӘМС туралы сұраққа жауап берді
almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) үшін төлеген қаражат адам қайтыс болған жағдайда немесе елден көшіп кеткенде қайда кететіні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Брифингте "Бізден міндетті түрде ұсталып жатқан бұл жарналар мұра болып қалмайды, ал зейнетақы жинағын (туыстары – ред.) мұра ете алады. Егер адам шетелге көшіп кетсе немесе қайтыс болса, бұл миллиардтарға кім ие болады?" деген сұрақ қойылды. 

Министр Әлназарованың айтуынша, зейнетақы мен сақтандыру жарнасының айырмашылығын түсіндірді.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтау жүйесі бар, оны кеңірек қолдануға болады. Ал сақтандыру жарналары сақтандыру жарналары ретінде қарастырылады. Кез келген сақтандыру түрі секілді сіз жарна төлейсіз, бірақ оған тек сақтандыру жағдайы қажет болғанда иелік етесіз. МӘМС контекстінде бұл - сырқаттану, шұғыл емдеу қажеттілігі секілді жағдайлар", – деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, Медициналық сақтандыру қорында жиналған барлық қаражат емдеуге, алдын алу шараларына – яғни, 20 миллион қазақстандыққа медициналық қызмет көрсетуге бағытталады.

"Негізгі принцип – дені сау адам ауырып қалған адам үшін, бай адам кедей адам үшін төлейді. Бұл – қор құрылған сәттен бастап көзделген ұжымдық жауапкершілік. Қор бұл ұстанымды бүгінде кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді", – деп түйіндеді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #МӘМС жүйесі #ақша #әлназарова #Ақмарал Әлназарова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);