конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Өмір бойы оқу тұжырымдамасы әзірленді

Өмір бойы оқу тұжырымдамасы әзірленді

Білім және ғылым 16.11.2021, 06:01 1,518
Өмір бойы оқу тұжырымдамасы әзірленді
Inform.kz

Қазақстандағы университеттердің бәрінде плагиатты тексеретін жүйелері орнатылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру үшін университеттерге академиялық және атқарушы дербестік бердік. Осыған орай, олар білім беру бағдарламаларын дайындағанда министрлік бекіткен үлгілік оқу жоспарларының орнына жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттарын негізге алатын болды. Тиісінше жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге көшіп, 9 371 бағдарлама әзірленді», - деді Асхат Аймағамбетов.



Министр төртінші индустриялық революцияның әсерінен әлемдік еңбек нарығында «дағдылардың тез ескіруі» қалыпты жағдайға айналғанын еске салды.



«Өмір бойы бір диплом» сценариі енді маңызды емес. Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша Өмір бойы оқу тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жұмыстың арқасында университеттер формалды емес және информалды білім алудың нәтижелерін танып, қабылдайтын болады», - деді ведомство басшысы.



Оның мәліметі бойынша, елдегі жоғары оқу орындарына академиялық адалдық талаптарын сақтау міндеті жүктеліп отыр. Ведомство плагиат проблемасымен осылайша күреспекші.



«Енді академиялық адалдық қағидаттарын бұзған студенттерді оқудан шығаруға мүмкіндік бар. Барлық дипломдық жұмыстарды, жазбаша жұмыстарды жөнсіз көшіріп алуды болғызбау үшін міндетті түрде тексеру нормасы енгізілді және университтердің бәрінде осы тексеру жүйелері орнатылды», - деді министр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #президент #Аймағамбетов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);