ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Өмір біреу - бауыр біреу

Өмір біреу - бауыр біреу

Медицина 28.07.2023, 05:40 1,549
Өмір біреу - бауыр біреу
Сурет: ҚР Денсаулық сақтау синистрлігі
28 шілдеде бүкіл әлемде Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі, ол «Өмір біреу -  бауыр біреу» ұранымен атап өтіледі.

28 шілдеде бүкіл әлемде Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі, ол «Өмір біреу -  бауыр біреу» ұранымен атап өтіледі.


2023 жылы жарияланған тақырып гепатиттің қауіптілігін және вирустық ауру профилактикасының қажеттілігін тағы бір рет көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл күн В гепатиті вирусын ашқан американдық дәрігер және ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Барух Бламбергтің туған күніне орай құрылды. Дүниежүзілік күннің басты мақсаты - көпшіліктің назарын осы қауіпті инфекциялық ауруға аудару болып табылады.


ДДҰ-ның басты мақсаты - бауыр ауруларының алдын алу және 2023 жылға қарай гепатитті толығымен жою. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы әлемде С гепатитінің созылмалы инфекциясымен өмір сүретін 58 миллион адам болды, бұл жыл сайын шамамен 400 000 адамның өліміне әкеледі. 


Диагноз созылмалы С гепатитімен ауыратын 58 миллион адамның тек 21% - інде  ғана анықталды, тек 13%-ы емделді. ДДҰ-ның жаңа жаһандық стратегиясы 2030 жылға қарай вирустық гепатитті жоюдың жаңа мақсаттарын белгілейді. Ол жаңа жұқтыру жағдайларының санын 90%-ға қысқартуға және өлім-жітімді 65%-ға төмендетуге бағытталған. 


Егер пациенттің өмірінде қауіп факторлары болса, жыл сайын В және С гепатиттеріне тест тапсырған жөн.


ДДҰ ұсынымдарына сәйкес А және В гепатиттерінен негізгі қорғаныс вакцинациялау болып табылады. Бұл аурудың созылмалы түрлерінің дамуына 95% жол бермейді. Қорғаныс кем дегенде 20 жылға созылады, қайта вакцинациялау қажет емес. В гепатитіне қарсы вакцина адамды D гепатиті вирусынан жанама түрде қорғайтынын ескеру маңызды.


2022 жылдың қорытындысы бойынша 194 000-нан астам адам С вирустық гепатитін анықтауға серологиялық тестілеуден өтті, 31 642 адам диспансерлік есепте тұр, 700 адам алғаш рет анықталды.


С вирустық гепатитімен ауыратын ересек пациенттерді емдеу үшін ҚР-да «софосбувир/даклатасвир», «софосбувир/велпатасвир» және «гликапревир/пибрентасвир» режимдері тіркелген. 2022 жылы 30 мыңнан астам ересек пациент «софосбувир/даклатасвир» комбинациясы арқылы терапия алды.


Бүгінгі таңда қауіпсіз вакциналар мен В гепатитін емдеудің тиімді әдістері, сондай-ақ С гепатитін толығымен емдейтін дәрілер бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.