AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Омикрон" штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және с...

"Омикрон" штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді

Әлеумет 18.01.2022, 03:47 1,104
"Омикрон" штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді
almaty-akshamy.kz

"Омикрон" штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгін елімізде барлығы 21 мың инфекциялық төсек-орын ашылды. Оның 33 пайызында науқастар жатыр. Реанимациялық төсек-орын - 2 мыңнан астам, оның 16 пайызы бос емес. Резервте 30 мың инфекциялық және 3 мың реанимациялық орындар бар. Өңірлер бойынша стационарлық көмек ұйымдастыру мәселесі тұрақты бақылауға алынған», - деді министр.



Оның атап өтуінше, коронавирустың "омикрон" штамымен ауыру көп жағдайда жеңіл және симптомсыз өтеді.



«Қысқа 2 күндік жұғу кезеңімен сипатталады. Аурудың еселеп көбеюі де содан. Аурудың алғашқы белгілері - тұмау мен жедел респираторлық аурулардағы сияқты «суық тию» көрінісі, яғни қызу, әлсіздік, бас ауруы, жөтел. Бүгінгі жағдай бойынша аурулардың 80 пайызы, яғни 78 629 ауру амбулаториялық ем алуда. Соңғы аптада анықталған жағдайлардың ішінде ауруханаға жатқызылған адамдардың үлес салмағы - 19,5 пайыз. Стационарға аурудың орта және ауыр дәрежесімен ауыратын пациенттер түсіп жатыр. Бұл ретте емдеуге жатқызылған адамдардың ішінде ауыр және өте ауыр пациенттердің үлесі – 5 пайыз», - деді Ажар Ғиният.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ковид #Омикрон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);