AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химия...

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Әлем 29.04.2026, 18:30 585
Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және газ химиясы саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Air Products – газ индустриясының халықаралық көшбасшысы, ол әлемнің 50-ден астам елінде жұмыс жүргізеді.

Кездесу барысында газ химиясы, көмір химиясы, сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ отандық металлургия өндірістерінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Олжас Бектенов Қазақстан жаңа сапа экономикасына дәйекті түрде көшіп келе жатқанын, мұнда негізгі басымдықтар технологиялық жаңғырту, технологиялар трансфері және заманауи өндірістер құру болып отырғанын атап өтті.

«Біз жетекші халықаралық компаниялармен серіктестікке үлкен мән береміз және озық технологияларды дамыту бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа әрдайым ашықпыз. Қазақстан айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие және жаңа индустриялық салаларды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Air Products компаниясының Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болс Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге және экономиканың басым секторларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасына Air Products компаниясымен келешегі зор бірлескен жобалардың нақты пысықталуын жандандыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);