AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Олжас Бектенов Си Гохуамен бірлескен инфрақұрылым...

Олжас Бектенов Си Гохуамен бірлескен инфрақұрылым жобаларын іске асыру қарқынын талқылады

Әлеумет 02.07.2024, 13:12 835 Almaty-akshamy.kz. 
Олжас Бектенов Си Гохуамен бірлескен инфрақұрылым жобаларын іске асыру қарқынын талқылады
primeminister.kz

Олжас Бектенов CITIC Group басшысы Си Гохуамен бірлескен инфрақұрылым жобаларын іске асыру қарқынын талқылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесуде қазақ-қытай бірлескен жобаларын іске асыру және энергетика мен өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. 

Қазіргі сәтте қытайлық компанияның қатысуымен республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау бойынша ірі инфрақұрылым жобалары іске асырылуда. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 1 131 км болатын «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» трассаларының 24 учаскесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда «Талдықорған – Өскемен» автожолында 768 км-дің 748 шақырымында төменгі жабын қабаты бойынша қозғалыс ашылды, жол жабынының жоғарғы қабаты бойынша қалған жұмыс 48%-ды құрайды; «Қарағанды – Балқаш» трассасы бойынша барлық 363 км бойы жабынның төменгі қабаты бойынша қозғалыс ашық, жол жабынының жоғарғы қабаты бойынша қалған жұмыс 49%-ды құрайды.

 Сонымен қатар жол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту жөніндегі амбициялық мақсаттарды ескере отырып, тараптар «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының қуатын жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайту жобасын іске асыру барысын қарады. Аталған жобаны іске асыру құрылыс маусымы қызатын кезеңде битумға деген қажеттілікті жабады.

Мәселені талқылау барысында кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы, таза энергетика, қоршаған ортаны қорғау және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін атап өтті. 

Айта кету керек,  «CITIC Group» корпорациясы 1979 жылы құрылған. CITIC Group Қазақстанда энергетика, химия өнеркәсібі, қаржы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы жобаларды іске асырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #келіссөз #Бектенов #CITIC Group #энергетика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);