Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша...

Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді

Әлеумет 16.01.2025, 14:07 580
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Сурет: UKIMET телеграм каналы

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

 Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Отбасы банкін» даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері, сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бүгінде «Қаражанбасмұнай», «Шұбаркөл көмір», «Еуроазияттық энергетикалық корпорация», «ССКӨБ», «Қазхром» ТҰК», «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты» сияқты ірі кәсіпорындар және басқа да ұйымдармен жұмысшы кәсіп мамандары отбасыларының тұрмысын жақсарту жұмыстары басталды.

Премьер-министр Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті. Банктің трансформациясы оның «бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысын күшейтуге және жалпы алғанда еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған. 

 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша, 2024 жылдың қорытындысында Қазақстанда рекордтық 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Саланың нақты көлем индексі бір жылда 113,1%-ды құрады. 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метрге жеткізу жөніндегі Президент қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

 Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде азаматтарға жалға берілетін, несиелік баспанамен қамтамасыз етуі, «2-10-20», «5-10-20» және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. 2024 жылы «Отбасы банкі» 1,29 трлн теңге сомасында 71 452 несие берді, оның 39,8%-ы бастапқы тұрғын үй сатып алуға арналған. «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша жалпы 251,9 млрд теңгеге 10 003 қарыз берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тұрғын үй #баспана #қолжетімділік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.