AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Олжас Бектенов Алматыда өткен ЕҮАК отырысына қатыс...

Олжас Бектенов Алматыда өткен ЕҮАК отырысына қатысты

Әлеумет 31.01.2025, 18:51 941 Bakyt
Олжас Бектенов Алматыда өткен ЕҮАК отырысына қатысты
primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үкіметтерінің басшыларымен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Жиында кедергісіз сауда, қолайлы бизнес-орта қалыптастыру және туризмді дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Отырысқа ЕАЭО елдерінің жоғары лауазымды өкілдері, оның ішінде Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Армения, Иран, Өзбекстан және Әзербайжан үкімет басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.Олжас Бектенов өз сөзінде ЕАЭО аясындағы сауда қатынастары мен экономикалық интеграцияның маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық интеграция және өзара сауданы дамыту алаңы ретіндегі тиімділігін атап өтті. Бүгінде сыртқы өзгерістерге икемді бейімделу мүмкіндігі – экономикалық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы», – деді ҚР Премьер-министрі.

Қазақстан тарапы сауда қатынастарындағы кедергілерді жою және реттеуші ортадағы кемшіліктерді жоюға басымдық берді. Сонымен қатар, ЕАЭО елдері арасындағы бизнесті дамыту үшін халықаралық шарттарға нақты әсерді бағалау механизмін кеңейту ұсынылды.

Жиында ЕАЭО елдері арасындағы туризмді дамыту мәселесі де көтерілді. Одақ елдеріндегі танымал туристік бағыттар мен көрікті жерлер туралы бірыңғай ақпараттық платформа құру бастамасы ұсынылды.

Отырыс соңында ЕАЭО елдерінің экономикалық әлеуетін нығайтуға, кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #экономика #бизнес-орта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);