AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Олимпиаданың құрметіне шоколад қаптамасы жаңарды

Олимпиаданың құрметіне шоколад қаптамасы жаңарды

Спорт 11.07.2024, 19:07 1,117
Олимпиаданың құрметіне шоколад қаптамасы жаңарды
ҰОК

Серіктестік аясында әйгілі қазақстандық шоколадтың шектеулі партиясы шығарылды.

Париждегі Олимпиада ойындарының қарсаңында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен отандық «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы құрамаға қолдау көрсету мақсатында коллаборация жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кондитерлік өнімнің қаптамасы Париждегі Олимпиада ойындарына арнайы дайындалған спорт тақырыбындағы өзіндік дизайнмен әрленген. 

«Біз үшін спортшыларымызды барлық ірі жарыста қолдаудан бөлек, еліміздің мәдениеті мен қонақжайлылығын әлемге дәріптеу де маңызды. Атлеттеріміз жарыста үнемі өзімен алып жүретін дәстүрлі сыйлық -  қазақстандық шоколад Олимпиада қарсаңында арнайы жаңа қаптамаға оралды. Біздің «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасымен бірлесе жасаған бұл коллаборациямыз ұлттық брендімізді халықаралық алаңда танытып қана қоймай, өзге елдермен достық қарым-қатынасты нығайтарына да сенімдімін. Өйткені, Олимпиада ойындары ең алдымен бар әлемді біріктіретін алаң», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.

«Олимпиадалық» шоколадтың арнайы партиясы ел құрамасымен бірге Парижге аттанады. Спорттық делегация өкілдері шоколадты өзге ел қатысушыларымен бөлісу арқылы оларға әйгілі қазақ қонақжайлылығының бір бөлігін көрсетпек.

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы ұлттық өндіруші ретінде спорт, салауатты өмір салты, отбасы институты, отбасылық құндылықтар мен өзін-өзі жетілдіру және рухани дамуды қолдайды.

Ал олимпиадалық дизайндағы шоколадтардың шектеулі сериясын дайындау арқылы Қазақстан ҰОК-пен бірге жүзеге асқан бұл коллаборация қолдауымыздың органикалық көрінісіне айналды.

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы шығарған шектеулі олимпиадалық коллекция  Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын біздің спортшыларымызды қолдау символы болмақ», - дейді «Баян Сұлу» АҚ басқарма  басшысы әрі президенті Тимур Садықов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #шоколад #париж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);