Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ол бүкіл өмірін отандық медицинаны дамытуға арнады

Ол бүкіл өмірін отандық медицинаны дамытуға арнады

Әлеумет 26.05.2024, 13:24 902
Ол бүкіл өмірін отандық медицинаны дамытуға арнады
ашық дереккөз

94 жасында Қазақ тағамтану академиясының президенті, белгілі нутрициолог Төрегелді Шарманұлы Шарманов өмірден озды

Денсаулық сақтау министрлігінің атынан және өз атымнан әлемдік денсаулық сақтау саласының аңызына және қазақстандық медицина мақтанышына айналған академик Төрегелді Шармановтың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамын. 

Төрегелді Шарманұлының еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі және оның медициналық қоғамдастыққа ғана емес, республиканың барлық азаматтарына  көрсеткен көмегі баға жетпес болып қала береді. 

Ол бүкіл өмірін отандық медицинаны дамытуға арнады. 
12 жыл бойы Төрегелді Шарманұлы Денсаулық сақтау министрлігін басқарып,  медициналық-санитариялық алғашқы көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды. 1974 жылдан бастап еліміздің жетекші ғылыми ұйымдарының бірі – Қазақ тағамтану академиясының тұрақты басшысы болды.

Төрегелді Шарманұлы   әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - Еңбек ері атағын, сондай-ақ Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі  - Леон Бернард сыйлығын қоса алғанда көптеген марапаттарға ие болды, бұл оның халықаралық аренадағы айрықша еңбегін көрсетеді. 

Академик Шарманов Төрегелді Шарманұлының есімі медицина тарихына алтын әріптермен жазылған және болашақ ұрпақ үшін үлгі болады.

Денсаулық сақтау министрлігі Академик Шармановтың отбасымен, әріптестерімен және достарымен бірге қайғырады. Ұлы адам, дәрігер, мұғалім және нағыз патриот туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Төрегелді Шарманов #абыз ақсақал #қазыналы қария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.