AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Өкшелей қуу»

«Өкшелей қуу»

Әлеумет 19.02.2024, 07:49 967 Ермұрат Бапи
«Өкшелей қуу»
almaty-akshamy.kz

Биатлоннан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Адамның азартын асқындыратын жақсы спорт түрі. Айтпағымыз - қазақ спорт комментаторларына терминологиялық тұрғыда ұсыныс. Биатлонда «гонка преследования» деген жарыс түрі бар. Осы атауды біздің комментаторлар репортаж барысында «із кесу» деп жүр.


Шамасы, бұл жарыстың қазақша атауы «із кесу» болуы мүмкін емес. Із кесу - із аңду, іздеу, із бағу деген түсінікті білдіреді. Шаңғымен көз алдыңда жүгіріп бара жатқан биатлоншыны қалай іздейсің? Ол көпе-көрнеу жүгіріп бара жатқан жоқ па?


Бұл орыстың «след» деген сөзінен калька аударма: орысша «гонка преследования» болған соң, біздің жігіттер «із» сөзінің ізімен «із кесу» деген мәні теріс аударма жасап алған сияқты.


Ұмытпасам, бұдан төрт-бес жыл бұрын биатлоннан репортаж жүргізіп жүрген сол кездегі жігіттерге өз аударма нұсқамды ұсынған едім.


Қысқасы, «гонка преследования» деген тіркесті «өкшелей қуу» деп атаған жөн сияқты». Тіпті сіздерге орыстың «след» деген сөзі ауадай қажет болып бара жатса, «ізбен қуу» немесе «ізбен жүгіру» деуге болады.


Қалай болғанда да, «із кесу» деген тіркес биатлондағы бұл жарыс түрінің мазмұндық мән-жайын ашып тұрған жоқ.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#биатлон #шаңғы #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);