Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Оян, қазақ»-тың авторлары елден көшіп кетті

«Оян, қазақ»-тың авторлары елден көшіп кетті

Әлеумет 25.10.2024, 14:24 1,635
«Оян, қазақ»-тың авторлары елден көшіп кетті
интернет

«Оян, қазақ» – былтырғы күзде кинотеатрларда қойылып, жақсы касса жинаған, Алаш арысы Міржақып Дулатұлы туралы фильм.

Бұл туралы продюсер Айсәуле Әбілда өзінің ФБ парақшасында жазды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Оян, қазақ» фильмінің авторлары – ерлі-зайыпты Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда Малайзия еліне қоныс аударыпты.

«Малайзияға неге көшкеніміз туралы күніне бірнеше адамнан сұрақ келеді, соның бір жауабын беріп қояйын деп шештім. Әрине, біріншіден, біз жаңа жобамызға бар ынтамызды арнай алатындай ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КҮЙ іздеп келдік. Елде үйіміз бен офисымыздың арасы қатты алыс болмаса да, кәдімгідей уақытымызды алатын. Кептеліс, баратын басқа да шаралар, той, шақырыс бар, сонымен уақыттың қалай өткенін білмей қалып жүрдік. Ал, біздің жұмыс ондай еркелікті көтермейді, себебі ДЕДЛАЙН деген дәу бар, яғни серіктесіңмен келіскен уақытта шаруа біту керек, әйтпесе кез келген істі ғасырлап істей беруге болады. Шаруаның уақытылы бітіп, жұмыстың жақсы жүруіне ең жауапты тұлға - продюсер болғандықтан, мен бұл мәселені барынша қолайлы шешуге тырыстым. Әрине, көше қалсаң, ісің біте қояды деген сөз емес, бастысы ниет және тырысу, қалғанын нәтижеден күту», - деп жазды ол.

Балаларға ағылшын, қытай тілдерін меңгеріп шығуға жайлы ортаның болуы да көшуге себеп болған.

«Екіншіден, елде біз онсыз да үй мен офис жалдап, балаларымызды ақылы мектепте оқытып жүрдік. Әрине, 100%, 70% грант алғанның өзінде тамағы мен тасымалдауын ғана төлеуге әр балаға кәдімгідей қаражат кететін, оған қоса жыл сайын қысқы дайындық бар, оның да өз шығыны жетерлік, соның бәрін есептей келе дәл сондай төлемге қай мемлекеттерде жақсырақ жағдайда жұмыс істеп, балаларымызға қосымша тіл үйрететіндей мүмкіндіктер бар деп зерттедік. Малайзияда орта білім жүйесінің жақсы дамығаны мен балаларға ағылшын, қытай тілдерін меңгеріп шығуға жайлы ортаның болуы да шешімімізге әсер етті. Үшіншіден, жаңа елде тұрып көру - көкжиегіңді кәдімгідей кеңейтіп жібереді ғой, соны да ескеріп, жұмыс пен өмірдің, бала-шағаны жеткізудің арасында өз дамуымызға да дем берейік деген оймен уақытша Малайзияға көштік, - деген Айсәуле Әбілда ФБ жазбасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оян қазақ #автор #Малайзия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.