AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипения иегерлері т...

Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипения иегерлері таңдалды

Тұлға 06.10.2021, 10:36 1,349
Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипения иегерлері таңдалды
Сурет: Informburo.kz

Журналист атындағы шәкіртақыға лайықтыларды іріктеу үшін байқау екі ай жүргізілген


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы журналист, тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Байқау ЖОО журналистика факультетінің студенттері арасында екі ай көлемінде жүргізілген. Корпорацияның оқу гранты Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы үздік бейнематериал ұсынған үш студентке табысталды.


Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай байқаудың мақсаты Қазақ телевизиясы қалыптаса бастаған уақыттан телеэфирдегі бейнесімен тұтас буынға үлгі болған Нұртілеу Иманғалиұлының есімі мен шығармашылығын насихаттау, ізбасарларына қолдау көрсету екенін атап өтті.



«Оқу гранты бастапқыда екі студентке белгіленген. Келіп түскен жұмыстар арасында Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығын, тележүргізуші, тұлға ретіндегі ерекшеліктерін өзгеше қырынан ашып көрсеткен студенттер болды. Бейнематериалдарды қарастыра отырып, тағы бір үміткердің жұмысын үздік деп танып, қосымша грант беру туралы шешім қабылдадық», - деді Л.Танысбай.



Телерадиокорпорация қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссияның шешімімен Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3 курс студенті Аңсаған Ғалаладин, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2 курс студенті Қанат Жолдасбеков, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4 курс студенті Күмісжан Исан Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу грантының иегері атанды.


«50 мың теңге көлеміндегі ай сайынғы стипендия студенттерге бір оқу жылына төленеді», - деп хабарлады арна сайты.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Стипендия #белгілі журналист #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);