AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды

Мәдениет 04.03.2025, 18:31 985
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
gov.kz

Анкарада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы аясындағы еске алу жылының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Анкара музыка және өнер университетінің ректоры, Түркі әлемі өнер университеттері кеңесінің басшысы Ерхан Өзден, Қазақстаннан арнайы келген өнерпаздар, дипломаттар, депутаттар мен қазақ диаспорасы қатысты.

Ашылу салтанаты Анкараның атақты «Түркі әлемі» музыка тобының Н.Тілендиев шығармаларын орындауымен бастау алды. Одан әрі қонақтар композитордың фотокөрмесінің тұсауын кесіп, Н.Тілендиев мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Нұрмұхан Шаймерденов келген қонақтарға ұлы күйшінің өнер және өмір жолымен таныстырды.

Е.Сәпиев өз сөзінде «Нұрғиса Тілендиевтің музыкасы бізге тек өнердің биігін көрсетіп қана қоймай, еліміздің мәдениетіне және ұлттық бірегейлігіне деген сүйіспеншілікті арттырады. Оның елі үшін сіңірген еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып қалары сөзсіз» екенін жеткізді.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Нұрғиса Тілендиевтің тек қазақ жұртына ғана емес бүкіл түркі әлеміне белгілі тұлға болғанын алға тартты. Қазақстаннан арнайы келген Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ақан Әбдуәли, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің күйшісі Арсен Тұрсын, Анкарадағы қазақ студенттерінен құралған «Отау» ансамблі композитордың керемет шығармаларын орындап, іс-шараға ерекше атмосфера сыйлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрғиса Тілендиев #мәдениет #Түркия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);