ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Нұрболат Нышанбай: «Бақылау қырандары» референдумд...

Нұрболат Нышанбай: «Бақылау қырандары» референдумда бақылаушылық жасайды

АЭС: Референдум 11.09.2024, 16:22 1,961
Нұрболат Нышанбай: «Бақылау қырандары» референдумда бақылаушылық жасайды
aqshamnews.kz
6 қазан күні елімізде АЭС құрылысы жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Тоқаев пәрмен беріп, Қазақстан қоғамы үшін аса маңызға ие осы электоралды процесс бекітілді.

6 қазан күні елімізде АЭС құрылысы жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Тоқаев пәрмен беріп, Қазақстан қоғамы үшін аса маңызға ие осы электоралды процесс бекітілді.

АЭС құрылысына қатысты қоғам пікірі әртүрлі. Оны қолдаушылар да, оған қарсылар да бар, және тараптар өз пікірлерін қоғам талқысына ашық салуда. Десе де, «АЭС құрылысы туралы шешімді референдум арқылы, халық пікірімен санаса отырып қабылдаймыз», - деген саяси билік маңызды саяси науқанды бастап кетті.

Кез келген саяси науқанның тағы бір ажырамас бөлігі – тәуелсіз бақылаушылар екені анық. Тәуелсіз бақылаушысыз өткен сайлауды заңды, әділетті әрі шынайы деп айту қиын.

Референдумға байланысты ел бойынша бақылаушылық жасайтын ұйымдар мен бастамашыл топтардың саны артуда. Бақылаушылық жасаймыз деп бастама көтергендердің бірі – саясаттанушы Нұрболат Нышанбай болды.

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Бақылау қырандары» атты тәуелсіз бақылаушылар тобын жасақтайтынын хабарлады.

«Саясаттанушы ретінде маған еліміздегі, қоғамдағы әрбір процесс қызықты әрі маңызды. Азаматтардың саяси белсенділігі, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпалы, сайлауға халықтың қаншалықты белсенді қатысуы мен үшін әрдайым маңызды.
Жеке тәжірибемде әлемнің бірқатар елінде болдым, оқыдым, тәжірибе алмастым. Ұққаным, дамыған кез-келген біртұтас қоғам үшін сайлау, референдум мемлекеттік деңгейде маңызды шара. Еуропада оқыдым, мұхиттың арғы жағындағы Австралияда білім алдым. Тек білім алып қана қоймай, жергілікті халықтың тұрмыс-салттары мен әлеуметтік белсенділігін де меңгердім», - деген саясаттанушы Еуропа елдерінің электоралды процестерінен алған тәжірибесі мен Қазақстандағы саяси науқандарды салыстыра отырып, алда болатын референдумда тәуелсіз бақылаушылар тобын жасақтайтынын айтты.

«Енді үш аптадан кейін елімізде референдум өтеді. Бұл референдумның маңызы да, мәні де өзгеше. Себебі, осыған дейінгі референдумдар президент мерзімін ұзарту, конституцияға қатысты болса, бұл жолы АЭС салына ма, жоқ па деген сұраққа халық таңдау жасайды. Саясаттанушы болғандықтан, мұндай процестерден тыс қала алмаймыз», - дейді саясаттанушы.

Референдум күні ресми бекітілгеннен бастап еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Алматы, Астана секілді Қазақстан саясатының маңызды драйверлерінде саяси науқандарды (сайлау, референдум) бақылайтын ұйымдар белсенділігін арттыруда.

«Саясаттанушы ретінде биылғы саяси науқанда бақылаушыларды дайындап, референдумның өту барысын қадағалау туралы идея ұсынамын. Мақсат – референдумды демократиялық институт ретінде қалыптастыруда үлес қосу. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болмақ. Басты міндетіміз – референдумның өту барысын бақылау. Қазір бұл қоғамдық бақылауды қалай жүзеге асыра аламыз деп күні-түні ойланып, құрылымы мен стратегиясын қалыптастырудамыз», - дейді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.