AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Нұрай Қазынабек Чхунчхонда өтіп жатқан таеквондода...

Нұрай Қазынабек Чхунчхонда өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Спорт 01.10.2024, 16:52 1,198 Nursok82
Нұрай Қазынабек Чхунчхонда өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
kaztkd.kz

Отандасымыз финалда өзінен физикалық әлеуеті жоғары ирандық Айназ Насириден жеңіліп қалды.

Бұл жекпе-жекте Нұрайға өте қиын болатыны айдан анық еді.  Қарсылас өте тәжірибиелі, денесі  мығым. Десе Нұрай бар  жігерін жұмсады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазынабек ақтық сынға дейін Испания, Бельгия, Мексика, жартылай финалда Канада спортшысын ұтты. Нұрайдың сіңлісі Тоғжан Қазынабек Чхунчхондағы басты бәсекеге кетті. Ол соңғы жарыс күні сынға түседі.

Нұрай түрлі жас санатында 3 рет Қазақстан чемпионатында топ жарған. Ол қыздар арасында әлем чемпионатының финалына шыққан 2-қазақ таеквондошысы. Осыдан 2 жыл бұрын алғаш рет Айдана Сүндетбай ақтық сынға шығып, қарсыласына есе жіберген. Әзірге қыздарымыз әлем чемпионатында алтын ала алмай келе жатыр.

Осындай деректерді трансляция ұйымдастырып, эфир кезінде бәрімізге жеткізіп отырған таеквондодан ең ауқымды фан-парақша @taekwondo_wt_kz негізін қалаушы Саясат Өтемұратовқа рақмет.

АНЫҚТАМА:

Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды.

Алғашқы жарыс күні даянгқа біздің командадан Элеанора Шералы (52 кг), Бекет Болатұлы (63 кг), Нұрай Қазынабек шықты. Бұлардың арасында алысқа шапқаны тек Нұрай болды. Қызылорданың тумасы үшін бұл жастар арасындағы соңғы жыл. Келесі жылдан бастап ол ересектер санатына өтеді.

Чемпионат 1-6 қазан аралығында өтеді. Биыл 127 ел + бейтарап ту астындағы (Ресей мен Беларусь) спортшылар мен босқындар командасын қосқанда 963 таеквондошы жүлдеге таласады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #таэквондо #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);