Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Нұр-Сұлтанда жол ақысын төлеу жүйесі өзгереді

Нұр-Сұлтанда жол ақысын төлеу жүйесі өзгереді

Әлеумет 23.04.2022, 12:27 1,221
Нұр-Сұлтанда жол ақысын төлеу жүйесі өзгереді
Cурет: 24.kz

Қалалық мәслихаттың депутаты Владислав Сергеев шешім қабылдау кезінде жүйенің сапасы мен тиімділігіне ерекше екпін қойылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.



«Депутаттық корпус ретінде, бұл саланың ашық болуына мән беріп отырмыз. Сондықтан шешім қабылдау кезінде жүйенің сапасы мен тиімділігіне ерекше екпін қойылған. Жаңа жүйенің негізгі өлшемшарты ретінде оған жылдам әрі бірқалыпты өту, жол ақысын тиімді бақылау және жеңілдігі бар санаттағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау ескерілген», - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Владислав Сергеев. 



Атап айтқанда, қазіргі кезде қызмет көрсетушілер арасында бірнеше компания бар – «Innoforce solutions» (Avtobys) ЖШС, «SMSBUS» ЖШС, «БПЦ Қазақстан» және «Технодата» ЖШС консорциумы. Сонымен қатар депутаттарға өз жүйесін қарастыру үшін «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС «Оңай» жүйесін ұсынды. Әр компания өздері ұсынып отырған жол ақысын төлеу жүйесінің артықшылығымен таныстырды. Осы орайда VISA және Mastercard банк карталарымен, NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы Bluetooth және басқа да төлем жүйесі қамтылған. Жолақы төлеудің жаңа жүйесі көлік карталарын толтырудың онлайн режиміне көшуді де қамтиды. Белгілі болғандай, бүгінгі таңда астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны орташа 650 мың сапарды құрап отыр. Жолаушылар жол ақысын екі жолмен төлей алады, бұл көлік картасымен және QR-кодты сканерлеу арқылы. Ол үшін әртүрлі қосымшалар бар (Transcard, Kaspi.kz, Homebank, ұялы байланыс операторларының қосымшалары және тағы басқа). Жол жүру құны 7 жыл бойы 90 теңге деңгейінде сақталған. Бұдан бұрын хабарланғандай, былтырғы 18 қазаннан бастап елордада бірнеше қоғамдық көлік бағдарларында пилоттық режимде үш кәсіпорынның жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі тестілеуден өтіп жатыр. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол ақысы #төлем #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.