AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нұр-Мүбарак ұжымы тазалықтың үлгісін көрсетті

Нұр-Мүбарак ұжымы тазалықтың үлгісін көрсетті

Әлеумет 21.12.2024, 15:46 969 Bakyt
Нұр-Мүбарак ұжымы тазалықтың үлгісін көрсетті
Сурет видео скрині

Алматының қысы қалың қарымен ерекшеленіп, тұрғындардың күнделікті өміріне елеулі қиындықтар туғызатыны белгілі. Осыған орай, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD доктор Ершат Оңғардың бастамасымен университет аумағын және жақын маңдағы көшелерді қардан тазарту мақсатында қысқы сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл шараның басты мақсаты – университет ұжымын, студенттер мен оқытушыларды ортақ іске жұмылдыру, сондай-ақ мешітке келушілер мен қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау болды.

Қатал ауа райына қарамастан, сенбілікке 100-ден астам адам белсене қатысты. Студенттер, оқытушылар және мешіт қызметкерлері оқу кешені аумағын қардан тазартып, көрші көшелер мен аулаларды да назардан тыс қалдырмады. Бұл ізгі іс-шара жергілікті тұрғындардың ризашылығын тудырып, олар университет ұжымына алғыстарын білдірді.

Проректор Ершат Оңғар сенбіліктің маңыздылығына тоқталып:
«Ислам – тазалық діні. Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде тазалықтың ерекше орын алатыны айтылған. «Тазалық – иманның жартысы» деген хадис мұсылман өмірінің негізін айқындайды. Сонымен қатар, «Көрші ақысы – Құдай ақысы» деген сөз көршіге көмек көрсетудің мұсылмандық міндет екенін еске салады», – деп атап өтті.

Бұл сенбілік барысында Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы ауызбіршіліктің, ынтымақтың және ортақ іске деген адалдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Іс-шара қала тұрғындарына Ислам дінінің тазалыққа ерекше мән беретінін іс жүзінде дәлелдеді және оларды да игі істерге шабыттандырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұр-Мүбарак #Қар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);