AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтіл...

Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

Әлеумет 10.04.2026, 09:30 502
Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді
Алматы әкімдігі

Қала аумағында су басу деректері тіркелген жоқ, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда жауған нөсер жауыннан кейін коммуналдық қызмет жағдайды бақылауға алып, қолайсыз ауа райының ықтимал зардаптарын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар уақытылы қабылданды. Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Су жиналуын болдырмау және жедел жою мақсатында «Алматы Тазалық» КМК мен мердігер ұйымдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Жұмыстарға:
— 123 бірлік арнайы техника;
— 74 мотопомпа;
— 20 ассенизаторлық көлік (оның 13-і ықтимал су басу орындарында орналастырылған);
— қажетті жабдықтармен қамтылған 75 жедел бригада (425 жол саласы жұмысшысы);
— 2300 құм толтырылған қап дайындалды.

Қосымша Алматы қаласының Құтқару қызметі де кезекшілік атқаруда. Құрамында 50 қызметкер, 14 мотопомпа және 1 ассенизаторлық техника дайындықта тұр.

Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 61 бірлік техника мен 244 жеке құрам жұмылдырылған.

Жалпы тәуліктік кезекшілікке шыққан жол саласы жұмысшыларының саны 2710 адам болды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 10 сәуірде қалада көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3–8 м/с. Күндіз ауа температурасы +18…+20°С болады.

11 сәуірде түнде аздаған жаңбыр (1 мм-ге дейін) жауады, кей жерлерде найзағай болуы мүмкін, күн ашық. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, түнде екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +20…+22°С.

Коммуналдық қызметтер көше-жол желісінің жағдайын бақылауды жалғастырып, қажет болған жағдайда қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нөсер жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);