AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Нобель сыйлығының лауреаттары онлайн форматта дәрі...

Нобель сыйлығының лауреаттары онлайн форматта дәріс оқиды

Білім және ғылым 19.10.2021, 16:35 1,632 Almaty-akshamy
Нобель сыйлығының лауреаттары онлайн форматта дәріс оқиды
Cурет: Ашық дереккөз

III Nobel Fest шарасын мемлекеттік емес ұйымдар ұйымдастырып отыр


Елімізде ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту мақсатында III Nobel Fest шарасы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Nobel Fest - жылына екі рет өткізілетін Еуразия құрлығындағы ең ауқымды және беделді іс-шараларының бірі. Оның аясында Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрістері өтеді. Шараның негізгі мақсаты – ҚР, Орталық Азия, Кавказ мемлекеттеріндегі түрлі салада жұмыс істейтін азаматтарға әлемдегі ең мықты Нобель сыйлығы иегерлерімен, белгілі ғалымдармен, бизнес саласындағы танымал адамдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков мәлім етті.


Оның айтуынша, қазіргі замандағы ең басты мәселе – адами капитал. Он жыл бұрын әлемдегі ең қымбат компаниялар шикізат пен қаржы саласындағы компаниялар болса, бүгінде ең үздік 10 компанияның 8-і адами капиталды кеңінен пайдаланатын технологиялық инновациялық компания болып табылады.



 «Мысалы, бұрын ғалымдар негізінен білім және ғылым саласында жұмыс істесе, қазір компаниялар жанынан үлкен ғылыми институттар қызмет етеді. Олар ғалымдардың адами капиталдарды кеңінен пайдалануының арқасында үлкен жетістіктерге, прогреске қол жеткізіп отыр. Дамыған елдерде жастар, студенттер, ұстаздар мен Нобель сыйлығының лауреаттары, үлкен ғалымдар арасында кездесулер өткізіледі. Өкінішке қарай, дамушы елдерде ондай кездесулер аз. III Nobel Fest шарасын мемлекеттік емес ұйымдар ұйымдастырып отыр. Үшінші Нобель фестивалінің айырмашылығы – оны жалғыз Қазақстанда ғана емес, Өзбекстанда, Әзербайжанда өткізіп жатырмыз. Болашақта шараны одан әрі дамыту жоспарланған. Әріптестерімнен фестивальді кеңінен насихаттауларын сұраймын. Себебі адамдар неғұрлым көп қатысса, соғұрлым тиімді болады»,  деді С.Нөгербеков.



 G-Global халықаралық хатшылығының басшысы фестивальдің тегін өткізілетінін атап өтті. Қатысушылар дәріскерлерге сұрақ қоя алады, сондай-ақ, білім алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нобель #Дәріс #G-Global
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);